Өлең, жыр, ақындар

Ана мен бала арасындағы байланыс

БҚО Орал қаласы Жаңақала ауданы Борық ауылы
Борық бастауыш мектебі жанындағы шағын орталық
Сарсенгалиева Балдай Темирбулатовна

Адам баласының тұлға болып қалыптасуы үшін ана мен бала арасындағы байланыстың маңызы зор.

Баланың даму кезеңдері қандай? Мамандар баланың дамитын уақытын былай бөліп қарастырады: 1 жасқа дейінгі кезең. Бұл кезеңде ана баласын көбірек құшақтауы керек. 1-3 жас аралығы. Осы уақыт аралығында бала өте белсенді болады. Ана бұл кезеңде қоршаған ортаны тануға көмектеседі. Мектепке дейінгі кезең: 3-7 жас аралығы. Бұл кезеңде баланың қызығушылығы арта түседі. Кез келген ана баласының бойындағы қабілетті осы жас аралығында байқайды. 7-11 жас аралығы. Бұл кезеңде баланың балалығы болады. Мектепке, айналадағы адамдарға үйренісу үшін ананың рөлі маңызды. Жасөсіпірім шақ: 12-15 жас аралығы. Бұл өтпелі кезеңнің өз қиындықтары да жоқ емес. Сондықтан да аналарға артылатын жауапкершілік те үлкен. Баланың көңіл-күйі, болашақ мамандығын таңдауы, эмоционалдық байланыс орнатуы осы кезеңде болады

Ананың қамқорлығы баланың бас миының оң жақ жарты шарының дамуына ықпал етеді. Мидың бұл бөлігі болашақта ақыл-ой, түсіну, жанашырлық сынды қабілеттердің дұрыс болуына әсер ететінін естен шығармаған жөн. Дэвид Геффен атындағы UCLA Медицина мектебінің тұлғааралық неврология профессоры, доктор Аллан Шор бұл құбылысты "сезім тәуелділігі" деп атайды. Бұл ана махаббатымен байланысты, соның негізінде ми адамдарға толығымен сенеді немесе мүлдем сенбейді. Балада ойлау және логикамен байланысты мидың когнитивтік функцияларға жауап беретін аймағы дамымайынша, нәресте мен ананың бір ғана миы бар деп айтуға болады. Баланың анасымен немесе басқа қамқоршысымен физикалық жақындығы және жұмсақ қарым-қатынасы мидың дұрыс дамуына ықпал етеді. Мидың жарты шарлары бірге жұмыс істегей бастағанда эмоцияны басқару жеңілдей түседі. Бұл дағдылар баланы кішкентай кезінде қаншалықты қорғап, жақсы қарым-қатынас орнатқан кезде дұрыс қалыптасады. Әлбетте бұл тұрғыда аналарды нәресте миының бас сәулетшісі деуге толық негіз бар.
Бала тәрбиесі жауапкершілікті, мейірім мен махаббатты қажет етеді. Баланың тұлға болып қалыптасуы үшін ең алдымен бала мен ана арасында жақсы байланыстың болғаны маңызды.  

Қай заманда, қандай қоғамда болсын отбасындағы бала тәрбиесі аса өзекті мәселелердің бірі болған. Тал бесіктен жер бесікке дейінгі адам өміріндегі тәрбиенің бастапқы негізгі ұйытқысы да ата-ана болып қала беретіндігіне еш күмән жоқ. Отбасы – Адам баласының алтын діңгегі, ыстық ұясы. Өйткені, адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, алдымен тәрбие алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті әрі қасиетті алтын бесігі болып есептеледі. Бүгінгі таңдағы жаһандану үрдісіне қадам басқан жаңа ғасырда әр халық, әр ұлт дінін, тілін, мәдениетін, тарихын мейлінше сақтап қалуға тырысып жатыр. Олай болса, тіл, дін, әдебиет, мәдениет, салт-дәстүр – баланың ой-санасын қалыптастыруға, өзінің қай ұлт өкілі екенін біліп өсіп, үлгі-өнеге алуына орасан зор әсерін тигізеді. Міне, отбасындағы тәрбие ұлағаты да осыдан басталады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз