Атырау қаласы білім бөлімінің “Жалпы білім беретін №5 Ғ.Мүсірепов атындағы орта мектеп” КММ
5А сынып оқушысы Бактияров Максат
5А сынып жетекшісі тарих пәні мұғалімі Ерлан Русланұлы
Қыран бүркіт – көк Тәңірінің елшісі, ол Күннен жаратылған, күннің еркесі, көктің иесі деп көп халықтың көне сенімінде аса жоғары дәріптеледі. Жыртқыш құстарды аса қадірлеген қазақтар болса, садақ оғының жебесін "күшігеннің қойлық жүнімен" және "тазқараның тайлық жүнімен" (қауырсынымен) ұштаса, тік ұшады деп сенген. Бұл туралы белгілі қазақ ғалымы Ш.Уәлиханов жазған екен.
Біздің қазақтардағы үкі тағу да құс Тәңірдің елшісі, ол – адамды қорғап жүрсін деген ырымның бір нышаны. Біздің қазіргі қазақ тіліндегі құт қону, басына бақ құс қону деген тіркестерде кездесетін "құт" сөзі "құс қону, тәңірден береке келіп қону, көктен құт түсу" деген мәнде қолданылған құттың өзі тәңірлік сый-сияпаты деген танымның сарқыншағы деп айтуға жетелейді.
Ежелгі көшпенділерде хат-хабар алмасу кездерінде ресми іс құжаттарына тез жету, құстай ұшып бару, шапшаңдық жылдамдықтың белгісі ретінде құстың қауырсынын тағып жіберетіні туралы заттық айғақтар, жазба деректер бар. Баһадүр батырлар болат дулығасының шекесіне қыранның қауырсынын тағып жүрді. Ақсақ Темірдің, Шайбани ханның, т.б. хандардың атақ-лауазымы да қыранға байланысты "Сахибқыран" деп аталған.
Қадым заманнан бері қастерлеп, табынып келген бүркітті пір тұтқандығы соншалық, ол өлсе, иесі оны қауырсын, мамығы, құйрығы, басы, тұяғымен, кейде "бітеу" немесе жара сойып, үй төріне қанатын кере іліп қояды. Бұл "бүркіттен пәле-жала, жын-шайтан қашады" деген наным-сенімнің нышаны. Сол сияқты бүркіттің тұяғын, басын, қанатын түскиіз, бала бесігі, төрге іледі. Кейде бітеу сойылған бүркіт "терісінің" ішіне шөп тығып, тұлып жасап қоятын да салт болған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі