Өлең, жыр, ақындар

Адамның түрлі қасиетін анықтауға арналған 100 сұрақ

Компанияға жаңа қызметкер қабылдағанда оның кәсіби білігінен бөлек soft skills-ын (алғырлығын) анықтау керек.

Soft skills — кандидаттың тұлғалық қасиеттері. Мысалы тіл табыса білу, командамен жұмыс істеу, тайм-менеджмент, креатив. Soft skills сұрақтарына "дұрыс" немесе "бұрыс" жауап беру мүмкін емес, бірақ мұндай қасиеттерді анықтап алмаса, болашақта жұмысшылардың өзара тіл табысуына, команданың бірлігіне әсер етеді. Назарыңызға адамның түрлі қасиетін анықтауға арналған 100 сұрақты ұсынамыз.

Коммуникация қабілеті

1. Гравитация құбылысын 6 жастағы балаға қалай түсіндірер едіңіз?

2. 80 жастағы әжеңізге табысты қандай жолмен табатыныңызда қалай түсіндіріп бере аласыз?

3. Өз өніміңізді маған 5 сөйлеммен сатып көріңіз

4. Әріптесіңіз сіздің жұмыстағы жетістіктеріңізді көптің алдында айтып, мақтап жатыр. Сіздің бұған реакцияңыз қандай?

5. Сізге жазбаша сөйлескен ыңғайлы ма? Әлде ауызба-ауыз сөйлесуді жөн санайсыз ба?

6. Сіз үшін қайсы маңызды: біреуді жақсы тыңдай білу немесе жақсы коммуникатор болу?

Командалық жұмыс

7. Командамен немесе жалғыз жұмыс істеу? Қайсысы сіздің көңілге қонымды және оның себебі қандай?

8. Сіз үшін командалық іс-шаралардың маңызы қандай?

9. Команда мүшелері өзара келіспей, жұмыс өнбей жатыр делік. Бұл ситуацияда қандай шешім қабылдайтын едіңіз?

10. Белгілі бір жобаға қатысты сіздің командаластарыңыздың ойы бір жерден шықты, бірақ сіздің пікіріңіз мүлде бөлек.

11. Сіз үшін команда рухы деген не? Оны қалай қалыптастырар едіңіз?

12. Командада өзіне артылған міндетті орындамай жүрген жұмысшымен не істейтін едіңіз?

Менеджмент

13. Менеджерден не күтесіз?

14. Командаңыздың мүшелері бірінің артынан бірі кетіп жатыр. Қандай шара қолданасыз?

15. Команда мүшелеріне міндеттерді бөліп алуға көзқарасыңыз қандай?

16. Сіздің менеджеріңіз бір мәселеде 100% қателесіп тұр. Не істер едіңіз?

17. Сіздің компанияңыз қаржы қиындығына тап болып, қызметкер санын қысқарту керек болып тұр. Кімді жұмыстан шығарар едіңіз? Не себепті дәл сол қызметкер?

Икем/бейімделу

18. Мансабыңыздағы ең қиын кезең қандай?

19. Сізге тосынсыйлар, күтпеген жайттар ұнай ма?

20. Аяқасты бір шаруа шығып қалса, жоспарланған кестені қалай өзгертесіз?

21. Қызметкер өтеусіз, жұмыстан кетуге өтініш жазса, не істер едіңіз?

22. Сізге күнде қайталанатын жұмыс ұнай ма?

Проблеманы шешу

23. Бір проблеманы сәтті шешкен бір мысал айтып беріңіз.

24. Бір проблеманы шешкенде ерекше қадамға барып, шығармашыл тәсіл қолданған кезіңіз бар ма?

25. Проблеманы шешу үшін ақпаратты сараптаған ситуация болды ма?

26. Проблеманы анықтап, ерте шешіп тастаған кезіңіз болды ма?

27. Дағдарыс жағдайында проблемадан қалай құтылдыңыз?

Креатив

28. Егер сіздің өміріңіз кітап болса, ол қалай аталар еді?

29. Креативті арттыруға қандай мысалдар келтіресіз?

30. Компания қалай креативті болуы керек?

31. Командаңыз барынша креатив ойлауы үшін, оларды қалай ынталандырасыз?

Тұлғааралық қарым-қатынас

32. Әріптестермен жақсы қарым-қатынас жасаудағы ең басты нәрселер?

33. Әріптесіңізбен араңыз тым күрделеніп кетсе не істейсіз?

34. Біреуге өте қиын, күрделі ақпаратты қалай түсіндірер едіңіз?

35. Өзіңізге жақпайтын біреумен жақсы қарым-қатынас орната білген кезіңіз болды ма?

Тайм-менеджмент

36. Көп мәселені қатар алып жүретін қабілетіңіз бар ма?

37. Мыналардың қайсы сізді дәлірек сипаттайды: "идеалдан да жақсы жасалған" немесе "барлығы идеал болуы керек"?

38. Бірнеше дедлайн қатар келіп қалғанда, жұмыстағы приоритеттерді қалай реттейсіз?

39. Дедлайн жақындап қалды. Жұмыс толық аяқталмаған. Тығырықтан қалай шығасыз?

40. Сіздің менеджеріңіз жұмыс уақыты аяқталарда үлкен шаруа табыстады. Мұндайда қандай шешім қабылдайсыз?

Жұмыс этикасы

41. Жұмыс уақытынан тыс кезде де жұмыс істеуге бейімделгенсіз бе?

42. Сіз үшін жұмыс кезіндегі ең маңызды этика қандай?

43. Этикалық дилеммаға тап болған кезіңіз болды ма?

44. Менеджер компанияның ережесін бұзса не істер едіңіз?

45. Сіз өзіңізге тапсырылған жұмысты ерте бітіріп қойдыңыз. Қосымша жұмыс сұрайсыз ба әлде күнді бос өткізесіз бе?

Клиенттермен жұмыс істеу

46. Қанағаттанбаған клиентпен қалай сөйлесер едіңіз?

47. Клиенттің сенімін жаулау үшін не істеуге болады?

48. Клиентке ең жақсы сервис ұсынған кезіңіз туралы айтып беріңізші.

49. Тырнақ астынан кір іздей бастаған клиентпен қалай жұмыс істер едіңіз?

Мотивация және энтузиазм

50. Жобада жалғыз жұмыс істесеңіз, мотивацияңызды қалай сақтайсыз?

51. Сізді қызықтырмайтын жобамен айналыссаңыз, ерік-жігеріңізді қалай сақтайсыз?

52. Жұмысқа барғыңыз келмеген күндері энтузиазмыңызды қалай оятасыз?

53. Энтузиазм жетпей жүрген әріптестеріңізге қалай көмектесесіз?

54. Мына аспектілердің қайсы маңызды: мансаптық өсу, жеңілдік пен бонустар, жалақы және жақсы команда?

55. Біздің команиядағы алғашқы алты айда қандай жетістікке жеткіңіз келеді?

Ұйымдастыру қабілеті

56. Сіздің жоспарыңыздың арқасында шешілген мәселе туралы айтып беріңізші.

57. Жұмыста бірнеше жобаны қатар істеу керек болғанда оның барлығын қалай ұтымды ұйымдастырасыз?

58. Жұмыс кезіндегі өз прогрессіңізді қалай бақылап отырасыз?

59. Қаншалықты артық файлдарды өшіріп, поштаңызды тексеріп отырасыз?

Келіссөз жүргізу

60. Сіз қатысқан ең қиын келіссөз қайсы? Нәтижесі қандай болды?

61. Жаңа тәсілдің ұтымды екенін біліп, "Біз осылай істеп жүрміз" деген стандартты қалай теріске шығарар едіңіз?

62. Менеджеріңізді немесе бастығыңызды бір нәрсеге қалай келістіресіз?

63. Келіссөздегі көзін жеткізіп сендіретін ең ұтымды техникаңыз қандай?

Стратегия

64. Стратегиялық жоспарды қалай түсінесіз? Оның күнделікті жоспардан қандай айырмашылығы бар?

65. Үлкен жобаны қалай жоспарлағаныңызды айтып беріңізші. Оның нәтижесі қандай болды?

66. Командаңызға ұзақ мерзімді мақсатты қалай қоясыз?

Пікірді қабылдау

67. Сіз үшін конструктивті сын деген не?

68. Бастығыңыз сізді нашар жұмыс істеді деп бағалады. Не деп жауап бересіз?

69. Жұмыс сапасын жақсарту үшін кері байланысты пайдаланған кезіңіз болды ма?

70. Өз менеджеріңізді ескертулері мен пікірін күнде алып отырғыңыз келе ме әлде апта, ай сайын жібергені дұрыс па?

Конфликтіні шешу

71. Жұмыста бір конфликтіні шешкен кезіңіз болды ма?

72. Әріптестеріңіз өзара келіспей жатса не істейсіз?

73. Жұмыс кезіндегі конфликтіге көзқарасыңыз қандай?

74. Әріптесіңіздің ашуы проблема тудыратын болса оған қалай көмектесер едіңіз?

Стресске бейім болуы

75. Стресспен қалай күресесіз?

76. Осыған дейін мансабыңыздағы ең қатты стресс алған кезіңіз болды ма? Оны қалай жеңдіңіз?

77. Стрессті жоятын қандай жақсы тәсілдер бар?

78. Жұмыста қандай ситуациялар сізді ыңғайсыз жағдайда қалдырады?

Шешім қабылдау

79. Сізге қысым көрсетіп жатып шешім қабылдаған кезіңіз болды ма? Ол ситуациядан қалай шықтыңыз?

80. Сіз жауапты шешім қабылдауға дайынсыз ба? Әлде оны басқа біреудің істегені ыңғайлы ма?

81. Сіз бұған дейін жұмыста қандай маңызды шешім қабылдадыңыз? Оның соңы қалай болды?

82. Нашар немесе дұрыс емес шешім қабылдағаныңызды түсінгенде не істейсіз?

83. Шешім қабылдағандағы ең қиын нәрсе қандай?

Өзіне сенімді болуы

84. Сіздің жобаңыз сәтсіз аяқталды. Бұл жағдайды қалай еңсересіз?

85. Осыған дейін жұмыста өзіңізге сеніп шешім қабылдап, оған әріптестеріңіз бен басшылық қарсы болған жағдай болды ма?

86. Өзіңізге сенім жетпегенде не істейсіз?

87. Өзіңе тым сенімді болып кету қаупінен қалай сақтанасыз?

Мәдени сәйкестік

88. Өзіңізді барынша өнімді, сергек сезінетін жұмыс ортасын сипаттап беріңізші.

89. Сізді бірінші айда-ақ жұмысты тастап, шығып кетуіңізге не мәжбүр етуі мүмкін?

90. Сіз бұған дейін саясаты әділетсіз, мардымсыз компанияны кездестірдіңіз бе? Егер ондай болса, оның саясаты қандай болды және оның себебі неде? Олардың орнында сіз не істер едіңіз?

Адалдық

91. Осыған дейін "өз жұмыс орныма лайық емеспін" деген сезім болды ма?

92. Сіздің әріптесіңіз теріс қылығын сізбе бөліссе не істер едіңіз?

93. Жұмыс процесіндегі белгілі бір ситуацияда адал болу міндетті емес дегенге мысал келтіріңізші.

94. Сіз осыған дейін жұмыста адал болып, бірақ ол өзіңізге басқа проблема әкелді ме? Арты қалай аяқталды?

Аналитикалық қабілет

95. Бір проблемаға тап болдыңыз, бірақ сіздің қолыңызда жеткілікті ақпарат болмады. Мұндай ситуация болды ма? Қандай шешім қабылдадыңыз?

96. Шешім қабылдар алдында "қолдамаймын", "қолдаймын" деген таңдауларды қалай таразылайсыз?

Презентаторлық қабілет

97. Презентацияға қалай дайындаласыз?

98. Сіздің аудиторияның іші пыса бастағанда не істейсіз?

99. Өз командаңызға жаман жаңалықты қалай хабарлар едіңіз?

100. Ораторлар қай жағдайда әзілдеген дұрыс?

Назар аудар:

1 % ережесі: неге біреулер бәріне ие болады, ал басқалар құр қол қалады?


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз