Өлең, жыр, ақындар

Баланың тіл астындағы жүгеншегі қысқа болса

Баланың тіл жүгеншегі (уздечка) қысқа болуы — тіл астындағы буынның қысқа боп жаралуы, ол тілдің толықтай қозғалуына кедергі келтіреді, нәтижесінде бала кей әріптерді дұрыс айта алмайды. Тіл жүгеншегі қысқа болса, емуі де бұзылады, тіс қатарын да жылжытады, астыңғы мен үстіңгі тістері бір-біріне тура келмеуі мүмкін. Қанжел (пародонтит), гингивит мәселелерін туғызады.

Бұл ақау ауыз қуысына үңілгенде бірден көзге көрініп тұрады. Оны емдеудің екі жолы бар:

— консервативті (артикуляциялық гимнастика арқылы буындарды созу);

— хирургиялық (френулотомия).

Екінің бірінде баладағы тіл жүгеншегінің қысқа болуы ата-анасының біреуінен тұқым қуалаушылық жолымен беріледі. Егер генетикалық жолмен берілмесе, бірінші триместрде эмбрионның тіс-жақ сүйек жүйесі қалыптасып жатқанда орын алған зиянды әдеттер ықпалы болуы мүмкін. Жүктілік кезіндегі токсикоз, болашақ ананың вирустық аурулары, стресс, дәрі ішу, бояулармен, химиялық реактивтермен жұмыс істеу — осының барлығы тіл жүгеншегінің қысқа боп тууына себеп бола алады. Кей жағдайда баланың анасы отыз бесінен асқанда босанған болса да бұл мәселе алдынан шығуы мүмкін екені анықталған.

Мұның басқа да себептері болуы мүмкін, алайда бұл толықтай зерттелмеген.

Оқуға кеңес береміз:

Ауыз иісін кетіру


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер