Журналистика тек мамандық емес, бұл ізденіс. Ол журналистерден жазу қабілетін ғана емес, тыңдау, талдау және жанашырлық қабілеттерін де талап етеді. Журналист-қоғамның мүдделерін өз мүдделерінен жоғары қоятын, шындық пен әділеттілік үшін күресуге дайын адам. Ал мен журналист болсам қандай болар едім?
Менің басты қалауым, әлемді шындық күйінде көрсету. Журналист ретінде менің қолымда қоғамға пана болатын, ел түсінігін қалыптастыратын және өзгерістер мен шындықты талап етуші қалам бар. Бұл мамандық тек жазуды емес, сонымен қатар халық алдындағы жауапкершілік сезімін де талап етеді.
Менің мақсатым - өз пікірін ашық алаңда айта алмайтындардың дауысы мен жаңғырығы болу. Ел іргетасын қолдап, ақиқат үшін айқасып, шындық үшін шырылдау. Ақиқат сақшысы, билік пен қоғамдағы қатынасты сақтаушы, әрбір пенде құқығының қорғаушысы атану.
Осы тұста, халық жанашыры болған Бейсен Құранбек, тасыған өмірде аман жүруді тілеуші Аман Тасыған, якиімен көрікті Дина Төлепберен, көреміздің ащы ақиқатшысы Руслан Өтепбай ағаларымыз мен үшін нағыз маман. Қолындағы ақиқат қаламымен қоса, халықтық мұң-мұқтажын көтеруші, ел жанашырлары.
Міне менің арқа сүйер тұлғаларым. Ащы сөзіммен, ақиқатқа бастар жолыммен ғана көрікті болмай, ел тілегі мен жанашыры болу. Келешек атты арбаға тиер арманым да осы, елімен санасып, ақиқат жолын ашып, мұң-мұқтажын көтерісіп оларға пана болу. Тасыған өмір аясында елі мен жеріне амандық тілер, еңселі арқа сүйер, бетке ұстар ел азаматшасы, нағыз маман болу.
Мен күнделікті өмірде қызықты оқиғаларды таба алатын, сан алуан технология мен форматтарға бейімделе алатын, қоғам назарын қажет ететін мәселелерді қорқынышсыз талқылай алатын журналист болуды арман етемін. Сұлулық пен маңыздылықты, ақиқат пен шешімді, үміт пен жарықты көре білгім келеді. Өз әңгімелеріммен халықты шабыттандыратын, мақалаларыммен көңіл-күйді көтеретін, тартымды фото әңгімелер, қызықты подкаст пен түбі терең эссе жаза білетін маман иесі болғым келеді. Ол үшін жоғарғы білім алып, халқыма адал еңбек етуге талпынамын. Ащы болса да, шындықты жақтайтын, шындық үшін шырылдай да күресе де білетін өз ісімнің маманы болғым келеді. Кім біледі, мүмкін, менің бүгінгі арманым – ертеңгі болашағым болар?! Бүгінгі ізденісім – ертеңгі күнімнің еңбекпен тауып жейтін азығым болар?!
Арманымдағы болашақ қол бұлғап мені шақыра береді. Сөз бен іс қадірін білетін мамандық әркез көкейімде, оған деген қызығушылық пен талпыныс күн санап артуда. Арман жолында аянбай ізденумен келемін, бақыт құсымның алыста емес екендігіне кәміл сенемін. Себебі, арман алдамайды!
Бақыт Нұрай
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі