Өлең, жыр, ақындар

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

Халықаралық әйелдер күні — әр жылы 8 наурызда тойланатын мейрам. Тарихта әйелдердің теңқұқықтық пен эмансипация жолындағы күресіндегі ынтымақтастық күні ретінде пайда болды . 1975 жыл — Халықаралық әйелдер жылы боп аталғаннан кейін, сол жылдан бастап БҰҰ ресми түрде наурыздың 8-ші күнін Халықаралық әйелдер күні етіп бекітті. Қазақстанда демалыс күні боп табылады.

Назар аудар:

8 наурыз қай елдерде тойланады?

Әйелдер күнінің тойлануына себеп болған оқиға болса, өкінішке орай бір трагедия. 1857 жылы 8 наурыз күні Американың Нью-Йорк қаласында 40 мың жұмысшы әйел еңбек шарттарының жақсартылуын талап етіп, ереуілге шығады.

Комбинат басшылары ереуілді зұлымдықпен бастырады.

Ереуілдің басқа зауыттарға тарауына кедергі болу үшін ереуілге шыққан әйелдерді комбинаттың ішіне құлыптап тастайды.

Алайда осы кезде комбинат себебі белгісіз бір өртке шалдығады. Өкінішке орай, жұмысшы әйелдердің арасынан бірнешеуі ғана өрттен аман қалады.

Өртеніп жатқан ғимараттан шыға алмаған, комбинаттың төңірегіне құрылған баррикадалардан өте алмаған 129 әйел болса өртеніп өледі.

Оқиға ел көлемінде және тіпті шетелде жаңғырады. Жұмысшылардың жаназа рәсіміне 100 мыңдаған адам қатысады. Арадан өткен уақыт ішінде де осы оқиға ұмытылмайды. Данияда (Копенгаген) 1910 жылы өткен әйелдер жиналысында қайтадан күн тәртібіне келеді. 1857 жылғы 8 наурыз күнгі комбинаттағы өртте қаза тапқан жұмысшы әйелдер үшін 8 наурыз күнінің халықаралық әйелдер күні ретінде атап өтілуі ұсынысы қабылданады.

**********

1911 жылы бірінші Халықаралық әйелдер күні Германия, Австрия, Дания мен Швейцарияда Германияның Социал-демократиялық партиясының Ортаңғы комитетінің мүшесі Елена Гринбергтің ұсынысымен 19 наурызда тойланды. 1912 жылы сол мемлекеттерде мейрам 12 мамырда атап өтілді. 1913 жылы 2 мамырда әйелдер Франция мен Ресейде алғаш рет митингтерге шықты, сонымен қатар демонстрациялар 9 мамырда Чехия, Венгрия мен Швейцарияда өтті. 1914 жылы әйелдер күні АҚШ, Ұлыбритания, Австрия, Дания, Германия, Ресей мен Щвейцарияда тойланды.

1917 жылға дейін толық немесе жартылай дауыс беру құқығына әйелдер Жаңа Зеландия, Аустралия, Финляндия, Норвегия, Дания, Исландияда қол жеткізді.

**********

Бірінші және екінші дүниежүзілік соғысы жылдар арасында кейбір елдерде Әйелдер күнін атап өтуге тыйым салынады.

Осы трагедия өз елінде болғанына қарамастан, Америка Құрама Штаттары тек 1960 жылдардың аяғында Әйелдер күнін қабылдады.

БҰҰ жалпы ассамблеясының 1977 жылғы 16 желтоқсан күнгі отырысында 8 наурыз күнінің Халықаралық Әйелдер күні ретінде аталуы қабылданды.

Назар аудар:

8 наурыз туралы 8 қызықты дерек

Халықаралық әйелдер күні - Корей Халық Демократиялық Республикасы, Ангола, Гвинея-Бисау, Замбия, Камбоджа, Кения, Мадагаскар, Моңғолия мен Уганда елдерінде тойланатын мейрам мен демалыс күні. Лаоста бұл - тек әйелдер үшін демалыс күні болса, Қытайда әйелдер үшін қысқа күн қарастыралған.

Бұл күн Әзірбайжан, Армения, Белоруссия, Грузия, Қазақстан, Қырғызстан, Латвия, Молдова, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан мен Украина мемлекеттерінде атап өтіледі.

Сонымен қатар, Тәжікстанда 2009 жылдан бастап мейрам Ана күні деп аталатын болды.

Түркменстанда Халықаралық әйелдер күні 2008 жылға дейін тойланған жоқ, әйелдер күні 21 наурызда Наурыз мейрамымен атап өтілетін болған. 2008 жылдың қаңтар айында Туркменстанның президенті мейрамды қайтарды. Латвияда 8 наурыз 1991 жылы КСРО құрамынан шықаннан кейін демалыс күні болуын тоқтатты. 2007 жылы сәуірде Халықаралық әйелдер күні ресми түрде Латвияда тойланды, бірақ демалыс күні ретінде қарастырылған жоқ.

Қажетті сілтемелер (қарап көріңіз): 

8 наурызға әзіл тілек

8 наурызға арналған ресми құттықтаулар

8 наурызға арналған құттықтаулар, тілектер, өлең жолдары


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз