Наурыз көжені дәмді етіп дайындау.
Құрамы:
Ет
Кеспе
Арпа (перловка)
Күріш
Асбұршақ (горох)
Қарақұмық (гречка)
Жүгері
Тұз.
Наурыз көжені дайындау үшін сүр ет, қазы және жаңа сойылған мал етін қосып әзірлесе дәмді болады. Ең алдымен етті, қазыны жуып қазанға салыңыз қайнайын дегенде көбігін алып астын басып қойыңыз. Жай отта 2 - 2, 5 сағат қайнап пісуі қажет. Ет дайын болғанша дәндерді пісіру қажет.
Дәндерді бөлек ыдыста пісіріп алған дұрыс. Ол үшін: кеңірек ыдысқа су құйып отқа қойыңыз да, су қайнағанда жарты шай кесе арпаны жуып салып қайнатыңыз, отты басып жай отта қайнату керек. Арпа 1 сағатқа жуық қайнаған соң, жарты шай кесе асбұршақты салу керек, ол жарты сағаттай қайнаған соң, жарты шай кесе күрішті салу керек, 20 минуттай қайнаған соң, жарты шай кесе қарақұмықты салуға болады. Дәндер пісіп дайын болған соң консервіленген дайын жүгеріні салуға болады. Дәнді пісіргенде аздаған тұз салуға болады. Ескерте кетейін, сүр ет тұзды болса, дәнді тұз салмай - ақ пісірсеңіз болады.
Ет піскен соң түсіріп алып, суытып қойыңыз. Етті түсіріп алған соң, еттің сорпасына аздап кеспені салып пісіріп алыңыз. Кеспені көп салуға болмайды сорпа сұйықтау болуы қажет. Қалауыңызша картоп, сәбіз салуға да болады.
Дайын болған дәннен әр кесеге аздап салып, үстіне еттің сорпасын құйып, туралған етті салып ұсынуға болады.
Көжені бұлай жасау көп қонақ келген кезде, тіптен қолайлы. Себебі, «көже қою болып кетпеді ме», деп алаңдамайсыз барлығы өз қолыңызда. Дәнді көбірек салсаңыз қою болады, аз салсаңыз сұйықтау болады.
Айранды үлкен кесеге құйып бөлек ұсынған дұрыс, әркім өз қалауынша қосып ішуіне болады. Кейде, айран қатпай ішкісі келетін адамдарда да болуы мүмкін.
Оқуға кеңес береміз:
Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен жасалады
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі