Екі қонжық бір кесек ірімшік тауып алыпты. Олар бұл ірімшікті бөлісе алмай дауласып дал болыпты. Қанша сындырса да, ірімшік тең бөлінбеген секілді болып көрінеді.
— Маған беріңдер, мен бөліп берейін, — дейді мұны сырт тай бақылап отырған қу түлкі. Сөйтеді де, ол ірімшіктің бір кесегін қолына алып, екіге қақ бөледі.
— Біреуі үлкен, біреуі үлкен! — деп айқайласады қонжықтар.
Түлкі оларды:
— Қазір теңестіремін, балақайлар, — деп тыныштандырады.
Ол үлкенірек көрініп тұрған ірімшік кесегінің бір шетін сындырып алып, аузына салып жі береді. Енді ірімшіктің келесі бөлігі үлкен көрінеді. Қонжықтар наразылық білдіріп, тағы да:
— Әлі тең емес, — деп шуласа жөнеледі.
Түлкі саспайды. Үлкен дегенін тағы сындырып алып қарбытып жібереді. Сындырылған ірімшік кесектерін кезек-кезек жеп отырып түлкі тойып алады. Әу баста шынында да үлкен ірімшіктен тұра-бара кіп-кішкентай кесектер ғана қалады.
— Кішкентай болса да тең! — дейді түлкі қарқылдай күліп.
— Астарың дәмді болсын! Ол солай дейді де, жорта жөнеледі.
Қонжықтар соңынан ауыздарын ашып қарап қалады. Аңқаулықтың әр кезде де осылай кесірі тиеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі