Тазы — аң аулау үшін арнайы өсірілген тамаша ит. Ол негізінен Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінде кең таралған.
«Тазы» сөзі парсы тілінен аударғанда «епті, шапшаң» деген мағынаны білдіреді. Бұл ит — жеті қазынаның бірі болып табылады. Қиын-қыстау заманда, бірқатар ауылдарды аштықтан аман алып қалған. Қазіргі уақытта, бұл иттер сирек кездеседі. Адамдар аң аулау кезінде тазының орнына мотоцикл мен автокөлікті қолданып жүр. Оларға жойылып кету қаупі төніп тұр. Тазы — сабырлы, айбынды ит. Жүні бір қабатты, жұмсақ. Ересек иттің салмағы 35 кг-ға жетеді, бойы 70 см-дан аспайды. Өмір сүру ұзақтығы 10-12 жыл. Тазының басы ұзын, еріндері жіңішке, құлақтары көз деңгейінде орналасқан. Жамбасы және белінің бұлшықеттері жақсы дамыған. Ең мықты тазылар — 80 км/сағ жылдамдыққа дейін жүгіре алады. Иіс сезу қабілеті өте жақсы. Жүйрік және шыдамды болғандықтан, қоян, түлкі және суырларды аулауға мүмкіндігі бар. Тазының ең басты артықшылығы — ол өз олжасын ұзақ уақыт бойы, әлсірегенше қуа алады. Оған қуып жетіп алған соң, иесі келгенше ұстап тұрады. Жануарды қинамай, терісін бүлдіріп алмауға тырысады. Өткен ғасырда, аң терісінің кем дегенде жартысы — осы иттердің күшімен табылған деген мәлімет бар. Күнделікті өмірде жалқау болып көрінеді, адамдарды сырттан бақылап, өз жерінде тыныш жатуды ұнатады. Бірақ, аң аулау кезінде түбегейлі өзгереді, оның шапшаңдылығына, ептілігіне және ойнақылығына тек қызығушылықпен қарауға болады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі