Тердің жағымсыз иісі әдетте айналадағы адамдарға айтарлықтай әсер етеді. Кей адамдар қанша күтініп, таза жүрсе де табиғатынан тершең болады. Сол себепті спортпен айналысу, ыстық күндері серуендеу оларға қиындық тудырады.
Ең бірінші әдіс — үнемі жуыну. Таңертеңгісін және кешкі уақытта душ қабылдау керек. Одан бөлек тершең аймақты тұзды сумен жууды әдетке айналдырған дұрыс, қолтық терлегенге ас содасын таңғы душ қабылдау барысында жақсаңыз күні бойына жағымсыз иістен аулақ боласыз.
Дезодорант тердің иісін кетіруге және терді азайтуға көмектеседі. Теріңіздің түріне сәйкес келетін және құрамында зиянды химиялық заттар жоқ дезодоранттарды таңдаңыз.
Мақта, зығыр немесе жібек сияқты табиғи материалдардан жасалған киімдерді киіңіз, олар терінің тыныс алуына мүмкіндік береді және тердің иісін сақтап қалмайды.
Ащы және майлы тағамдар адамды жиі терлетеді. Одан бөлек тердің иісіне де әсер етеді.
Талькты қолдану артық терді сіңіріп, жағымсыз иісті кетіруге көмектеседі. Терінің жағдайын жақсартады.
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Рәбиға Сыздықова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі