(Сахнаға әпкесі шығып, мектептен жаңа келген сіңлісін шақырады)
Ақгүл:
— Ақнұр! Менің жаңа жемпірім қайда?
Ақнұр:
— Білмеймін әпке. Тұрған шығар.
Ақгүл:
— Сөмкеңді әкел!
Ақнұр:
— Не үшін?
Ақгүл:
— Әәәкееел! Жылдам!
(Ақнұр портфелін қорқа-қорқа ұсынады. Әпкесі портфельден жемпірді алып):
— Мынау не? - дейді.
Ақнұр:
— Әпке, кешірші...?! Мектепке сіз секілді әдемі болып барғым келді. Енді сұрап аламын.
Ақгүл:
— Масқара, мына дақ кетпейді ғой?! Неге сонша салақсың? Кешке анашыма айтам. Жоқ, әкеме айтам. Ертең ақша алмайсың осы қылығың үшін.
Ақнұр:
— Әпке, мен жолда жығылып қалдым. Сосын абайсызда кірлетіп алдым. Жуып, білдірмей орнына қоя салғым келген.. Кешіріңізші.. (Жыламсырап) Анашым мен әкеме айтпай-ақ қойыңызшы..? Өтінем?!
Ақгүл:
— Жақсы! Тек бір шартым бар. Маған дүкеннен шоколад әкеліп бересің!
Ақнұр:
— Ақша бермейсіз бе?
Ақгүл:
— Жоқ! Сенің ақшаң бар екенін білемін. Соған алып кел.
(Ақнұр күрсініп шығып кетеді.)
Ақгүл:
— Мәссаған, мен неге сіңлімді екі кештің арасында дүкенге жібердім, а? Жемпірімді кисе не бопты? Оның менен басқа кімі бар, киімін киетін? Мен не деген қатігез болып кеткем... Не ақша бермедім. Біреулер тиіссе қайтем?
(Осы кезде Ақнұр қайта келеді.)
— Әпке, ренжімеңізші.. Дала қараңғы екен. Шығуға қорықтым. Жаңа қыздармен келгем. Енді жалғыз баруға қорқып тұрмын!
Ақгүл:
— Ақнұр, бармағаның жақсы болды жаным. Сені жіберіп-ап, уайымдап отыр едім. (Құшақтайды) Жүр одан да екеуміз дәмділеп бәліш пісірейік? Анашым қуанып қалсын!
Ақнұр:
— Рас па, әпке? Маған ренжімейсіз бе?
Ақгүл:
— Сен кейде тентектік жасағанда ашуланып, ұрысқаныммен, сен үйде болмасаң қатты мазасызданамын! Сен менің жан бауырымсың ғой? Дәмді нәрсе жесем, саған жартысын бергім келіп тұрады.
Ақнұр:
— Әпке, сіз де мені кешіріңізші..? Сіздің рұқсатыңызсыз киіміңізді алмауым керек еді?!
Ақгүл:
— Жаным сол, ақылыңнан сол! Былай келісейік?! Сен рұқсатсыз менің заттарыма тимейсің! Мен саған ұнаған заттарымды қызғанбай, бөлісіп отырамын. Негізі маған зат емес, сен қымбатсың! Тек ұқыпты жүрсең болғаны. Үсті-басыңды таза ұста! Май, кір жұқтырма. Жарай ма?!
Ақнұр:
— Әпкетайым сол! Сіздің киімдеріңіз неге мүлдем кірлемейді? Қалай тап-таза болып жүресіз?
Ақгүл:
— Барынша сақтанып, отырған партамды, орындығымды, аяқ киімімді сүртіп жүремін. Үнемі қолымды жууды ұмытпаймын. Тазалық — денсаулық кепілі!- деген. Осы қағидаларды ұстансақ киіміміз де кір болмайды. Өзіміз де ауру жұқтырмаймыз!
Ақнұр:
— Жақсы әпкетайым! Тезірек бәліш пісірейікші.. Қарным ашып кетті..?!
Ақгүл:
— Жүр жаным! Мен саған тамақ берейін. Алтын сіңілім менің! (Екеуі кетеді.)
Гүлмекен Қасенбай
12.09.2023
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі