Бір саудагердің әдемі тотықұсы бар еді. Ол торда болғандықтан еркіндікті аңсайды екен. Бұлай тұтқын секілді өмір сүру өте азапты деп түсінеді. Бір күні көпес Үндістанға баруды ұйғарды. Әйелін, балаларын, қызметшілерін жинап, «Сендерге Үндістаннан қандай сыйлықтар алайын?» деп сұрады. Әрқайсы қалағандарын айты. Тотықұстан сұрағанда былай деп жауап берді:
— Ол жақтағы тотықұстарға мен туралы айт. «Бауырларыңның бірі менің үлкен торымда тұтқын. Ол сендерге сәлем жолдады».
Саудагер Үндістанға кетті. Ондағы шаруаларын бітіріп, барлығының сыйлықтарын алды да, қайтарда ормандағы тотықұстарды кездестірді. «Менің үйімде торда қамауда жатқан тотықұс бар, Ол сіздерден сәлем сұрайды» деді. Бұл сөздерді естіген еркіндіктегі тотықұс дірілдеп, құлап жан тәсілім етті.
Саудагер; «Мүмкін бұл тотықұс менің құсымның туысы болар. Ұят болды», — деп ойлады. Үйіне келді. Барлығына сыйлықтарын таратты. Тотықұс «Менің сыйлығым қайда?» деп сұрады.
Әлгі саудагер болған жағдайды айтып берді. Мұны естіген тотықұс қалтырап, дірілдеп жатып ол да өлді.
Саудагер қатты өкінді. Дірілдеген қолдарымен өлген құсты тордан алып далаға шығарды. Тотықұс сол сәтте қолдан пыр етіп ұшты да кетті. Саудагер көргеніне таң қалып; «Әй, мұныңды қалай түсіндіресің?» дегенде, тотықұс, «Үндістандағы тотықұс сен арқылы маған осы сәлемін жеткізді» деп жауап беріпті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі