Өлең, жыр, ақындар

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қабылдау комиссиясы өз жұмысын бастады!

Қабылдау комиссиясы 1 маусымнан өз жұмысын бастады. Ол ҚазҰУ қалашығындағы «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында орналасқан. Қабылдау комиссиясы жұмыс күндері таңертеңгі сағат 09:00-ден бастап, кешкі 18:00-ге дейін жұмыс істейді.

ҚазҰУ қабылдау комиссиясының ерекшеліктері: қабылдау комиссиясы жоғары білім – бакалавриат және жоғары оқу орнынан кейінгі – магистратура, докторантура білім беру деңгейлері бойынша кеңес беру және құжаттар қабылдау жұмыстарын жүргізеді.

Соның ішінде журналистика факультетіне қабылдау ережелері келесідей:

Магистратураға қабылдау 1 маусым – 8 шілде аралығы;

Докторантураға қабылдау 23 шілде – 3 тамыз аралығы;

Шығармашылық емтиханға құжат қабылдау 20 маусым – 7 шілде аралығы;

Шығармашылық емтихан тапсыру 16 шілде – 25 шілде аралығында универ базасында өткізіледі;

Биылғы 2024 жылдың ерекшеліктері: негізгі шығармашылық емтиханды тапсырып үлгермеген талапкерлер ақылы бөлімге түсу үшін шығармашылық емтиханды тамыз айында тапсыра алады.

Бакалавриатқа осы білім беру бағдарламалары бойынша оқуға түсуге болады:

  • 6B03201 Журналистика
  • 6B02101 Баспа ісі
  • 6B03203 Қоғаммен байланыс
  • 6B03202 Халықаралық журналистика
  • 6B02102 Дизайн
  • 6B02103 Медиадизайн
  • 6B03206 Медиакоммуникациялар
  • 6B02104 Кино&Медиа
  • 6B02105 Цифрлық медиадағы драматургия

Магистратура деңгейі бойынша білім беру бағдарламалары:

  • 7M03202 Журналистика
  • 7M03204 Қоғаммен байланыс
  • 7M03203 Халықаралық журналистика
  • 7M02102 Дизайн
  • 7M03201 Data – журналистика
  • 7M03220 Журналистика(1 жыл)
  • 7M03214 Бизнес – коммуникация
  • 7M02104 Медиадизайн
  • 7M03215 Медиакоммуникациялар
  • 7M02103 Баспа менеджменті және типографика
  • 7M02105 Креативті индустриялар
  • 7M03218 Цифрлы медиакоммуникациялар (СПбМУ)
  • 7M03217 Этножурналистика

Докторантура деңгейі бойынша білім беру бағдарламалары:

  • 8D03201 Журналистика
  • 8D03203 Халықаралық журналистика
  • 8D03202 Медиа және коммуникациялар

Толық мәліметтермен келесі сілтеме арқылы танысуға болады: https://farabi.university/news/88993?lang=kz39


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер