Өлең, жыр, ақындар

Ешкімнен идеал болуды күтпеңіз!

Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кенті
«Н.Төреқұлов атындағы №13 ЖББМ» КММ
8 «Б» сынып оқушысы Қобланды Ару Нұрмаханқызы
Жетекшісі: Сегизбаева Жулдызай Дуйсенбаевна

Идеал, мінсіз, таза болуға ұмтылу адамның өмірін қиындата түседі. Кемшіліксіз пенде болмайды. Өзіңізді барлық жерде жоғары ұстау, жақсы етіп көрсету-бос әурешілік. «Мінсіздік-Аллаға ғана тән» деп бекер айтылмаса керек. Жер басып жүрген барлық адамда кемшілік болады, және ол өмірдің заңы. Кей адамдар не істесе де қатесіз істеймін деп барлық уақытын жоғалтып алады. Ал ол жоба немесе бір іс ойыңызда аспаса, «Менің ойым жүзеге спауы сенің кінәң» деген сөздермен айналадан  кінәліні іздей бастаймыз. Ал сол кінә өзіңізден туғанын түсінуге сана жетпейді. Әлемді 100 рет шарлап іздесеңіз де, кемшіліксіз адам таппайсыз.

Қателесуге жол бермеймін деп ұмтылған адам өз өмірін қиындатады. Қазақта «Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ» деген кереметтей сөз бар. Шалыс басу, қателесу-пендеге тән құбылыс. Адам болғандықтан біз қателіктен сабақ алып дамимыз. Әрекет, жұмыс болған жерде қателік те, қателесу де болады. Ал қателесуден қорқып әрекет етпеген адам, жетістікке де  басқа затқа да жетпейтіні айдан анық.

Адамның әр қателігі үлкен — тәжірибе. «Неге оны солай жасадым» деп өзіңізді іштей жей бермеңіз. Қателікке жеңіл қарауды үйреніңіз. Себебі әр бір қиындықтың арқасында үлкен қуаныш бар. Ойға алған ісіңіз жүзеге аспаса, қате шешім мен шала жолды басып қойсаңыз «қайырлысы осы болар» деп, бұндай жағдайды мида оңай қабылдаңыз. Керісінше, әрбір қателіктен кейін одан не түйгеніңізді ойланып, кез келген сәтсіздіктен сабақ алуды қалыптастырыңыз.

Қателесу бәрімізге тән. Ең бастысы, жасаған қателікті мойындап, сол қателікті түзеуге болса басынан қорықпай жасау керек, сонда бұл өмірлік сабақ болады. Бұдан шығатын қорытынды — ешкімнен идеал болуды күтпеңіз!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз