Кенесары 1840 жылдары Ұлытауда патшаның отаршылдығына қарсы жасақ жинағанда, Шу өңіріндегі Ботаборым өзенінің бойын мекендеген ысты руындағы Бөлтірік биге: «Ат, ер-тоқым, қару-жарағы мен жүз жігіт берсін немесе жүз жігітке татитын жол бастайтын бір жігіт берсін», — деп кісі жіберіпті.
Сонда Бөлтірік шешен көп ойланып, өз руы ыстыдан отырардағы Бұғыбайды шақырып алып: «Кенесары ханға барып жол бастайтын басшы боласың», — деп ақ батасын беріп, күндік жерге дейін шығарып салады. Ал Кенесары жіберген кісіге: «Кенеге сәлем айт, қол бастайтын батыр, жол бастайтын басшы жігіт жібердім, құрметтеп, ардақтай білсін», — депті.
Кенесары бірде Бұғыбайды сынамақ болып, түн ішінде: «Жігітім, ер-тоқым қойған үйдегі қырық жүгеннің ішінен менің жүгенімді тауып әкелші», — дейді. Бұғыбай барып қырық жүгеннің ішінен «тақсыр, сіздің жүгеніңіз мынау» деп дәл тауып әкеліп берсе керек.
Жорықта жүргендерінде жауынды түнде от жағуға тамыз- дық таппаған соң, Кенесары: «қыр астында ескі бейіттер бар көрінеді топырағы ішіне түскен, біреуінің ағашын суырып әкел», — деп Бұғыбайды жұмсапты. Ал, өзі Бұғыбайдың батырлығын сынау үшін бір жігітті жасырын жіберіп, мола ішіне отырғы- зып: «ағашты ала бергенде бассалғын» деген көрінеді. Бұғыбай айтқан зиратты тауып, мүрденің ағашын ала бергенде, осында отырған жігіт шап беріп білегінен ұстай алыпты. Сонда Бұғыбай: «Дүние-мүлік өлі әруақ пен тірі әруаққа ортақ деген. Бұл мүлікті бүгінге дейін сен иемдендің, енді мен пайдаланамын, сен өлі әруақ, көріңде тыныш жат», — деп ағаштарды арқалап жүріп кеткен көрінеді. Осыдан кейін Кенесары бастаған қалың қол оны: «Бұғыбай батыр, Бұғыбай басшы» деп атап кеткен көрінеді.
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі