Араб жылқысы — байырғы жылқы тұқымдарының бірі. Оның шыққан жері Арабия шөлі мен Африканың солтүстік жағалауы. Бұл жылқы 15 ғасырдан бастап бүкіл Европаға әйгілі болды және жылқының көптеген жаңа тұқымын (орлов желгіші, орыс желгіші, таза мініс жылқысы, тракенен, венгер жылқысы т. б.) шығаруға пайдаланылды. Араб жылқысы онша ірі емес, тұяғы берік, өте сымбатты, орта есеппен шоқтығына дейінгі биіктігі 151,9, тұрқы 149,3, кеуде орамы 175, жіліншігінің орамы 19,2 см. Ұзақ жүріске көнбісті және жүрдек (2400 м-ді 2 мин 41 сек-та, 3200 м-ді 3 мин 41 сек, 1200 м-ді 1 мин 18 сек-та жүрген). Араб жылқысы шөлге төзімді, күй таңдамайды. Бұл жылқы жақсартушы тұқым ретінде Қазақстанда, Азербайжанда, Тәжікстанда, Грузияда, Ставрополь өлкесінде пайдаланылуда, Қазақстанда таза Араб жылқысы өсірілмейді.
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі