Бұрынырақ табын Шоңқара деген адам заманында бақ қонып, байып қатарынан асқан көрінеді. Соған өте зорайып жаман мінез қолданып, ағайын-тума, жақын-жаранын жинап отырып, қасындағы көрші елдердің семіз ат, айғырын, атан, нарын, өгіздерін ұрлатып әкеліп сойып, иесі келсе теңдік бермей, сөйлеспей қайыратын көрінеді. Ақ үйде крабатта жатады, қыста қонақ үйінде жатады. Кісі келсе, әңгімелеспейді. Себебі нелер жоқ. «Сөйлессем, бәлки, сөзден ұтылып, теңдік берермін», — деп сақтанып, сөйлеспейді екен. Күндерде бір күн шектес отырған кете халқының бір өгізін ұрлатып сойып алған екен. Артынан қуған кісілер келсе, басқалары «біз білмейміз» деген соң, Шоңқараға келсе, тарс үндемей, теріс қарап жатып сөйлеспеген, олар теңдік ала алмай қайтқан. Амал жоқ Шоңқараға қарсы баруға, олар елге келген соң кете Шернияз ақын он төрт жастағы бала екен, «Маған ат пен киім тауып беріңізші, мен барып қарайын», — дейді. «Жарайды, бала, жолың болсын!», — деп киім мен ат беріп жіберген.
Шернияз тура Шоңқараның үйіне келіп түсіп, кіріп келсе, баяғыдай анау келген адамның бір нәрсе айтарын біліп сөйлеспей теріс қарап крабатта жатыр екен. Сондағы Шоңқараның қасына келіп Шернияздың айтқаны:
— Ассалаумағалайкум, Шоңқара, теріс қарама, бері оң қара. Тура бидің туғаны жоқ, туралығы жоқтың иманы жоқ деген, батар жерің жалғыз ошақ, қорқыныш бар құшақ. иманыңнан айрылма, бер малымды ағайыныңмен Шоңқара, — деген. Сонда Шоңқара басын көтеріп:
— Малың өнер, бір ит білмей әкелген ғой. Мына баланың малын өндіріп бер, — деп адамдарына айтып, өзін қонақ етіп қайырған. Шернияз аты содан бастап шыққан дейді.
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі