Ақан бір жылы Арықбалық базарына барса, бір үйдің іші-сырты толған халық, үйдің киізін жыртып, сығалап әуре боп жүргенін көріп:
— Бұл үйде не бар? — депті. Жұрт:
— Науан қазірет жұртты жинап алып, «мұсылмандарға базарға келу арам» деп шариғат айтып отыр, соған жиналып жатыр, — дейді. Ақан:
— Е, әлде қайда бір болған базарға келмей, шариғат деп жұрт өле ме? — дейді. Мұны қазірет естіп қалып Ақанды шақырып ұрсады. Сонда Ақан: «Молданың істегенін істеме, айтқанын істе» деген осы-ау!
— Жаман болса базарың,
Неге салдың назарың?
Білмейтін бе ең мал десе,
Періштенің азарын.
Мал алудың қамы ғой
Осы айтқан азаның, —
деп шығып кетіпті.
Оқуға кеңес береміз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі