Бір ханның бас уәзірі бар екен бек сенімді ханға. Не түрлі үлкен жұмыс болса да, бәрін сол уәзірі бітіреді екен. Хан өлімге бұйырған жазалыларды өлтіріп, ханның бұйрығын орнына келтіруін де ол тексеретін. Өзге уәзірлер оны көре алмай, әсіресе, екінші уәзірі бас уәзір өзі болғысы келіп, бас уәзірді қайтсе де өлтірмек болды. Әр қайда ханға жамандайды екен бас уәзірін. Бірақ нанбаған көпке шейін. Бір күні екінші уәзір ханға келіп айтқан: «Бас уәзірдің бір дерті бар жұқпалы, қасына жанасқан кісіге де, һәм сізге де жұқса керек, уәзіріңіз дертін жасырып, сізге келіп жүреді, сізге дертін жұқтырар сөйтіп жүріп», — деді. Және де айтты: «Сізге келгенде дертін жасырмақ үшін аузын қолымен басып тұрады, дертінің жаман иісі сіздің мұрныңызға келмесін деп», — деді.
Мұны естіген соң хан қорықты. Сонда да бұрын еш жамандық қылмаған еді. «Егерде дертті болса, мені де былғар, һәм жұмыс та бітірмес» деген ханның ойына келді. «Егерде бас уәзірі ханның сенімін оған пайдаланып, ханның ғұмырына қастық қылса, оны аяп та керегі жоқ. Үлкен жазаға бұйыру керек». Хан сонда да ойланды: «рас па екен, жоқ, өтірік пе екен» деп, осындай қылғаны. Бірінші уәзірді тексерейін деді. Екінші уәзір хандікінен шығып кетіп, бірінші уәзірді қонаққа шақырды қанша әртүрлі тамақтар даярлап. Ол берген тамақтарына сарымсақ көп қосқан екен, тамақ жеп болғаннан кейін әрі-беріден соң ханнан кісі келді: «бірінші уәзірді хан шақырады», — деп. Бірінші уәзір ойланды: «Бұған қалайша барамын, бұл аузымдағы сарымсақ иісімен», — деп. Сонда да амал жоқ бармауға болмады. Барды. Ханға келгеннен кейін, қасына тақау тұрмады. Қолымен аузын басып тұрды. Хан қасына қатар келіп: «қолыңды аузыңнан тарт» деді. Аузынан қолын тартып еді, жаман иісі шықты. Онан соң хан екінші уәзірдің айтқанына сенді де, рас екен деп, жазаға кіріптар қылатын жерге бұйрық жаза бастады «бірінші уәзірді өлтір» деп. «Ұшбу бұйрықты апарғанды өлтір» — деді. Мұндай өлтір деп жазғанын бірінші уәзір білмеді. Неге десеңіз, бұрынғы уақытта ондай ханның бұйрығын жазаға кіріптар қылатын жерге бірінші уәзір апарады екен. «Сондай ғой» деп алып кетті. Келе жатқан уақытта екінші уәзір жолығып: «Қайда барасың?» — деді. Сонда бірінші уәзір қолындағы конверттеген қағазды көрсетті. Екінші уәзір ойлады: «Мен апарайыншы ұшбу қағазды», — деп, һәм сұрады бірінші уәзірден маған бер, мен апарайын» — деп. Бұл ойлады да, «Мені де сыйлап, қонаққа шақырып еді ғой» деп, беріп жіберді. Қағазды жазаға көрсететін жерге әкелгеннен кейін бағанағы хан «Ұшбу хатты апарған кісіні тез өлтір» деген сөзімен оны өлтірді де тастады ешбір сөзіне қарамай. Екінші күні бірінші уәзір ханға келді. Хан көрді де таң қалды: «Бұл қалай келді?» дегендей қылып, һәм ойлады: «Менің бұйрығымды орнына келтірмеген», — деп. Артынан екінші уәзірдің өтірік айтқанын біліп, Құдайға тәубә қылды өзінің сенімді адамы қалып, ғайбатшыл уәзірдің өлгеніне.
«Біреуге ор қазба, өзің түсерсің».
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі