Ұмыт болған сөздер — Қызықты әрі пайдалы деректер бөліміндегі материал.
Материал — Ұмыт болған сөздер, Шүлен, Сауын айту, Абадан — осы тақырыптарға байланысты.
Уақыт өткен сайын заманның ағынымен бірге кейбір сөз қолданыстан шығып қалады, орнын жаңа сөз басады. Тарихы терең қазақ тілінің қазіргі заманда қолданылмайтын, ұмыт болған сөздері қандай?

Аңдамақ — ұлттық ойын түрі.
Талқы — иленген теріні жұмсартатын құрал («жиналыста талқыға салды» деген осыдан шықса керек).
Шүлен — жомарт деген мағынаны білдіреді (шөлді шүлен етті, шүлен таратты деген тіркестер бар).
Шаша — жылқының аяғындағы қыл (шашасына шаң жұқпас жүйрік).
Ежеқабыл, Белқұда, Қызыл құда — балаларын тумай жатып атастырған құдалар.
Бүлдіргі — қамшының білекке ілетін бауы. (мұны «бүлдірге» деп те айтады. «Қолымда бір қамшым бар бүлдіргелі», «Бүлінген елден бүлдіргі алма» дейді).
Асадал — ыдыс-аяқ сақтайтын қапшық (аяқ қап та сондай).
Бұйда — түйеге бұйда, атқа шылбыр тағылады.
Шырға тарту — бүркітті аңға түсуге үйреткенде аңның тұлыбын (шырға) тартады.
Абадан — қасқыр үйірінің басшысы (көсемі).
Саһар — аққудың қоразы.
Өжектеу — сөз таластыру.
Сауын айту — үлкен асқа, тойға шақыру.
Атырау — өзеннің теңізге құяр жері.
Жік — шайтан («Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты»).
Сірге жияр — күзгі қой қырқу, астық жинау сияқты жұмыстар аяқталған соң ауыл-аймақ үшін жасалатын шағын той.
Пеш — түрік сөзі. Пиш, пыш, пісіру, жылыту деген мағынаны білдіреді.
Тіз киім — іш киім.
Үпті — дүние, мүлікті, жасаулы деген мағына береді. («Бәленбайдың үйі үпті»).
Әспет — адамға құрмет, ілтипат білдіру — әспеттеу.
Аужал — ас, тағам. (Осыны аужал ете тұрыңдар).
Бұл бетте Ұмыт болған сөздер тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.
Бұл материал Қызықты әрі пайдалы деректер бөліміне жатады.
Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.
Ұмыт болған сөздер материалы Қызықты әрі пайдалы деректер бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.
Рауан
Өте керемет
Рауан
Өте керемет
Рауан
Өте керемет
Рауан
Өте керемет