Жабир бин Абдуррахман радиаллаһу анһ бір түс көреді де, түсінің үрейімен таңды әрең атырады. Таң намазына мешітке келген бойда хазреті Әлидің радиаллаһу анһ жанына барады.
Намаздан кейін хазреті Әлиге: «Йа Әмир-ул муминин, бір түс көрдім, түсімнен қорқып ояндым, осы түсімді жорып бересіз бе?! Түсімде үлкен үлкен сиырларды көрдім, олар кіші сиырларды сауып жатыр еді. Құрғап, кеуіп кеткен дарияларды көрдім, бірақ айналасы жап-жасыл еді. Мешіттер көрдім михрабтары мен күрсілерінде пұттар бар еді» дейді.
Мұны естіген хазреті Әли жылай бастады. «Бұл түсіңдегі көргендерің, осы үмбеттің соңғыларының басына келетін пәлекеттерге ишара.
Бірінші белгі — мансап иелері, жоғары лауазымдағы адамдар пара алмастан жұмыс істемейтін болады. Парақорлықпен тіршілік етеді. Мансаптарын пара арқылы ауыстырады.
Ал екінші белгі — іші бос болғанмен өзін данышпанмын деп есептейтін, өзін солай көрсететіндер болады. Адамдар оларға шеніне қарай құрмет ететін болады. Міне бұлар өздеріне берілген өкілеттілікке сүйеніп айналасындағыларды жаншып, қинайтын залым әмірлер. Мешіт күрсілеріндегі пұттар болса ең үлкен пәлекет. Дін атын жамылып сөйлейтіндер және жазатындар адамдарды діннен шығуына, ақиданың бұзылуына, мүртәд болуларына себепкер болады» деп жауап беріпті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі