Бөдене жұмыртқасы — өте бағалы диеталық өнім. Мамандардың мәліметінше, бөдене жұмыртқасы биологиялық құндылығы жөнінен тауықтың жұмыртқасынан басып озады. Дала құсының бес жұмыртқасы тауықтың бір жұмыртқасының салмағымен тең болғанымен бөдене жұмыртқасының құрамындағы калий мен фосфор тауық жұмыртқасынан бес есе көп, ал темір 4, 5 есе, В және В12 витаминдері 6 есе көп. Сондай-ақ, олардың құрамындағы кальций, мыс, кобальт және түрлі амин қышқылдары тауық жұмыртқасына қарағанда әлде қайда жоғары.
Мамандар бөдене жұмыртқасын әсіресе, балаларға, қарттарға, аяғы ауыр және емізулі баласы бар әйелдерге, сырқат және әлсіз жандарға жиі тұтынуға кеңес береді. Себебі, бұл өнімнің адамның иммунитетін көтеріп, сергітетін қуаты мол. Нақтыласақ, бөдене жұмыртқасы мынадай ауруларға таптырмас ем:
— бас ауруына;
— демікпе мен туберкулезге;
— сәуле ауруларына;
— бүйрек, өкпе, асқазан, ішек ауруларын, асқазан жарасын жазады;
— қан қысымының көтеріліп және түсіп кетуін реттейді;
— анемияға;
— фосфор, калий, темірдің әсерінен есте сақтау қабілеті жақсарады;
— бөртпе пен диатезден құтқарады;
— салқын тию мен тұмауға;
— бұлшық ет пен сүйектерді қатайтады;
— баланың есте сақтау қабілетін арттырады;
— диета кезінде арықтауға, ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі.
— радионуклейдті тұздар мен ауыр металдарды ағзадан тазартады;
— адамды жасартатын қасиетке ие (бөдене жұмыртқасының құрамына кіретін тирозин амин қышқылы косметика саласында ең қат өнім саналады);
Ал мұндай пайдалы өнімнің кемшіліктері бар. Бөдене жұмыртқасы гипоаллергенді деген пікір бар, бірақ іс жүзінде олай емес. Сондықтан балаңызды бөдене жұмыртқасымен тамақтандырмас бұрын дәрігермен кеңескен дұрыс.
Сонымен қатар, холестерині жоғары және жүрек дертінің атеросклероз түрімен ауыратындар мен оның алдын алушылар бөдене жұмыртқасын аз мөлшерде қолданғаны абзал. Сондай-ақ, бөдене жұмыртқасын шамадан тыс тұтыну бүйрекке әсер етуі мүмкін. Және бұл өнімнің калориясы да айтарлықтай жоғары, сондықтан арықтау үшін оны тым көп жеуге болмайды.
Бөдененің қалыпты дене қызуы 42 градус болғандықтан, оның сальмонелез, құстұмауы сияқты жұқпалы дерттерге қарсы тұру қабілеті күшті. Сол себепті оның жұмыртқасын шикідей жұту өте пайдалы.
Жапония мен Қытай да бірнеше ғасырдан бері бөдененің етімен жұмыртқасын халық медицинасында пайдаланып келеді. Басылым дерегінше, күншығыс елінде мектеп оқушысының таңертеңгі ас мәзіріне бөдененің екі жұмыртқасы міндетті түрде енгізіледі. Бұл балаларды бөртпе мен диатезден құтқарады. Сондай-ақ баланың ойлау қабілетін арттырады.
Тарихи деректерде бөдене жайында талай қызықтар жазылған. Бөдене еті патшалармен ақсүйектердің дастарқанынан үзілмеген. Бөдене жұмыртқаларын жүйелі пайдалану ағзаның әртүрлі ауруларға, оның ішінде туберкулезге қарсы күресуін жоғарылатады. Оларды шикі күйінде пайдалану кезінде Чернобыль апатынан сәулелі ауруға ұшыраған балаларға көмектескені тарихта бар.
Бөдене өсіруді алғаш қолға алған жапондықтар. Қазіргі таңда жапон бөденесі, мрамор бөденесі, ағылшын бөденесі, фараон бөденесі атты төрт түрі өсіріледі.
Оқуға кеңес береміз:
Күніне 2 жұмыртқа тұтынғанда денеңізде болатын 9 өзгеріс
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі