«Бөбек» сауықтыру орталығы инклюзивті білім беру орталығына айналады

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / «Бөбек» сауықтыру орталығы инклюзивті білім беру орталығына айналады

«Бөбек» сауықтыру орталығы инклюзивті білім беру орталығына айналады — Білім, ғылым, мәдениет тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.

Оқу ағарту министрлігі «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын шаруашылық жүргізу құқығындағы үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық ғылыми-практикалық орталығы етіп қайта ұйымдастырмақшы. Үкімет ведомствоның бұл ұсынысын қолдаған.

Көпшілік талқылауына шығарылған бұйрық жобасында мекеменің келешектегі ресми атауы «Үздіксіз инклюзивті білім берудің ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны» болатыны айтылған.

«Оқу-ағарту министрлігінің бұл бастамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдады. Бұдан басқа, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын болып қайта ұйымдастыру ұсынылады. Ол орталыққа ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурстарына қатысуға, инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелері бойынша зерттеулер жүргізуге және орталықта жұмыс істеу үшін ғылыми кадрларды тартуға мүмкіндік береді», - деп жазылған құжаттың негіздемесінде.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Білім, ғылым, мәдениет бойынша басқа мақалалар Бөбек бойынша мақалалар сауықтыру орталығы бойынша мақалалар инклюзивті білім беру бойынша мақалалар admin жариялаған мақалалар