«Тазшаның қырық өтірігі» деп аталатын күлдіргі ертегіні естіген боларсыңдар? Сонда өлімнен қорықпай, қаһарлы ханның алдына қасқайып кіріп: «Мен шешемнің құрсағында жатқан кезімде әкемнің жылқысын он бес жыл бақтым», — деп өтірік әңгімесін бастайтын бір қаршадай ғана батыл бала бар. Ол бізге өзінің Тазша бала деген күлкілі атымен танымал.
Осы ертегіде Тазша бала қырық өтірікті мүдірмей айтып шығып, ханның тосыннан қойған тосқауыл сұрақтарына да тапқырлықпен жауап береді. Хан тағы да айла-шарғы ойлап, баланы сүріндірмек болып: «Ал енді қырық ауыз өтірік өлең айт», — дейді. Тазша бала бұған да мүдірмейді:
— Міндім де ақсақ қоңыз аяңдадым,
Болдыртып аяңымен қоян алдым.
Апырым-ай, сол қоянның семізін-ай,
Көтеріп қоңызыма қоя алмадым, —
деген сияқты ұшқыр қиял, тапқыр ойға толы өтірік өлеңін ағылта жөнеледі. «Ауынан өрмекшінің кілем тоқыдым», «терісін сары масаның теспей сойдым», «аспанға алты жерден тіреу қойдым» деп ханды да, қараны да қыран жапқандай күлкіден езу жидырмайды. Сөйтіп, қаршадай Тазша бала өзінің батылдығымен, ақыл-айласымен, сөз тапқыр шешендігімен жай отындай жарқылдап, өлім тырнағына ілікпей, ханды жеңіп, мұратына жетеді.
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Рәбиға Сыздықова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі