Шам шаһарында тұрғанда Әбу Насыр әл-Фараби бір жағынан патшаның бау-бақшасын күтіп-баптаса, екіншіден, қолы бос кезінде өлең жазумен шұғылданыпты.
Бақшадағы хауыз жанында, кілемше үстінде құс жастыққа шынтақтаған ол ой үстінде отырады. Мәуе ағаштарының бұтағына қонған бұлбұл құстар сайрап тұрады. Ол омырауына түскен салалы сақалын сипап отырып, мына бір шумақтарды қағаз бетіне түсіріпті:
Кеткенім жоқ, елім, сенен атақ, бақыт, тақ іздеп,
Шықтым, жұртым, шалғай жаққа ғылым атты шам іздеп.
Ақтадым мен ақ сүтіңді келгенінше шамамның,
Ассам-дағы сексен жастан сәбиіңмін, балаңмын.
Жүзім сынық, көңілсіз күйге түстім мен бүгін,
Саған деген серпе алмаймын ынтызарлық түндігін.
Айналайын атам – қыпшақ, туған жерім, сағындым,
Өз атыңа, үрметіңе қайда жүрсем табындым
Бұл жолдар әрі ғалым, әрі шайыр бабаның жасы сексеннен асқан шағындағы туған еліне деген сағыныш сазы болса керек.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Рәбиға Сыздықова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі