Орталық алаңда ине шаншар жер жоқ. Жарыстың соңғы минуттары. Жасындай жанған Маккуин есімді жас көлік өзінің басты екі қарсыласы атаққұмар Чико Хикспен және бірнеше дүркін жеңімпаз болған ардагер Кингпен бірге иық тіресіп, бір сәтте мәре сызығын кесіп өтті.
Біріншісі — бірнеше дүркін чемпион атанып, даңқы жер жарған Кинг есімді көлік. Бірнеше жыл қатарынан бас жүлдені қанжығасына байлап, жарысқанда алдына жан салмайтын ол өзінің спорттық мансабын осы жарыста аяқтамақ ниетте еді. Ал екіншісі — бәріне ортақ ережеге бағынбай, өз дегенімен жүретін шатаққұмар көлік Чико болатын. Жарыстың ақырғы текетіресі Калифорнияда өтетін болды.
Бірнеше сағаттардан соң, Маккуин Лос-Анджелес қаласының халықаралық жарыс алаңына да келіп қонды. Ол бар күшін жиып, сайысқа дайындалып бақса да, бірақ ол Радиатор-Спрингсте қалған достарын ойлай берді.
Осы кезде алаңның жоғарғы жағынан таныс дауыс естілді. Қараса досына қолдау көрсетуге келген Док екен, ол:
— Жігітім, мен бұл жерге сүйегімді сүйретіп, сенің жеңіліске ұшырағаныңды емес, жеңісіңді көру үшін келдім! — деп айғай салды. Док өз командасын басқарып тұр екен. Оның жанында Радиатор-Спрингс қаласының көлік жөндеушілері де ере келіпті. Бұл Маккуиннің нағыз достары еді!
Мәреге жақындап қалған Маккуин алаң үстінде орналасқан алып экраннан есерсоқ Чиконың Кингті қалай жол шетіне ығыстырып әкеп, қатты соққанын көріп қалды. Бұл сәтте Маккуин мәре сызығына жетуге сәл-ақ қалған… Күтпеген жерден ол тежегішін басып барып тоқтады. Танымал шабандоздың тауы шағылып, ешкімге керексіз болып алуына жол бергісі келмеген Маккуин Кингке қол ұшын созу үшін кері бұрылды.
Маккуин дереу ардагер шабандозды демеп, мәре сызығына алып шықты. Оның бұл әрекетіне разы болған көпшілік дуылдай қол соқты.
Жас шабандоз атақ пен жеңістен достық пен қайырымдылықтың бағасы әлдеқайда артық екенін түсінген еді.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі