21 ғасырдағы ең үлкен жаңалықтарының бірі — бұл жасанды интеллект. Жасанды интелект адамның рөлін басатын құрал. Адамның сұранысын санаулы уақытта тауып беріп, қол ұшын созады. Оның қаншалықты пайдасы зор болсада, қауіптілігі де сондай деңгейде. Илон Маск “Open Ai”-дың қалаушыларының бірі, өзі де 6 айға жасанды интеллектті тоқтата тұруы жайлы ұсыныс жасады. Неліктен?
Қазір жасанды интелект әлемде сенімді түрде қызмет атқаруда. Санаулы секундтарда ақпаратты тауып, адамдардың орнын алмастыруда. Оны түрлі сфераларда сенімді түрде қолдануда, медицинада, адамдардың түрлерін идентифициролауда, әр түрлі соттарда, эссе жазуда қолдануда. Адамдар жасанды интелектіні қолданғанда аса қауіпті сезбейді. Бірақ жасанды интелектінің әрбір адам жайлы ақпарат беріп, мекен жайын, қайда жұмыс істейтіні жайлы барлық сұрақтарға жауап таба алатынын білмейді. Бұл жеке деректердің аса қорғалмағанын көрсетеді. Ғалымдардың айтуынша, жақын арада ол барлық сфераны, бүкіл адами функцияны өзі басқарып, қоғамды да басқарады деп болжауда. Бұрын бұл оқиғалар бір фантастикалық шығармалар секілді болатын, ал қазір техникалық дамудың арқасында бұл біздің шындыққа айналды. Неде болмасын, дамушы елдердің өздері жасанды интелектті кім білікті меңгерсе, сол әлеммен билейді деген тұжырымға келуде.
Шыныменде, жасанды интелект, нейрожелі бұл біздің өміріміздің бір бөлшегіне айналуда.
Біріншіден, кибератакалық соғыс. Қазіргі таңда құрылғыларды автоматтандыру нәтижесінде олар өзге мемлекетті осы жасанды интелект арқылы басқара алады. Тағы да жасанды интелект құрылғыларды қару-жарақ ретінде пайдаланып, басқа елге кибератака жасай алады. Бұрын сонды бұндай оқиға АҚШ елінде болған болатын. Қазір көптеген соғыстар осы жасанды интелекттің басқаруымен өтеді десек те қате емес.
Екінші қауіп — бұл басқаруды жағалтып алу қаупі. Тағы да бір аса нақты емес бірақ үлкен қаупі бар дерек. ЖИ (жасанды интелект) системасын қазіргі техникалық құралдармен байланыстырып қойсақ толық адамның басқаруынан айырылып, адамдарды жау ретінде қабылдау каупі бар. Жасанды интелектте ақыл бар бірақ сезім жоқ. Сондықтан жасанды интелектте бір аяушылық, сезімталдық жоқ.
Жасанды интелектті үлкен ірі компаниялардың өздері, мәселен, Google компаниясы өздерінің технологияларына ЖИ еңгізбекші. Тіпті, үкіметтің өзі жасанды интелектті оқу саласында енгізу туралы ойлары барын айтты. Оған қоса, атақты Bild газет команиясы өздерінің журналисттерін шектетуде. Оның себебі ол қызметкерлерінің жұмысын алмастыратын жасанды интелект. Жасанды интелект әлемде жұмыссыздыққа әкелуде. Осы мақсатпенде “Жасанды интелектті оңтайлы, қауіпсіз қолдану” туралы Ұлыбританияда саммит өткен болатын. Осы жасанды интелектті ойлап тапқан адамдардың өздері де технологияларының әлемге зияны тиіп кетеді ме деп қорқуда. Саммиттің қарсанында тіпті Қытайдың өзі де АҚШ-пен, Евроодақпен және басқа да елдермен жұмыс істеуге келісті. Жасанды интелекттің қауіптілігі туралы ең алғашқы 28 елдің бірігуімен декларацияға қол қойған болатын.
Жаңа технологиялар адамзатқа көптеген мүмкіндіктер жасауда және пайдасын әкелуде. Бірақ сонымен қатар адамзатқа зардабын да тигізуде. Жасанды интелекттің дамуы адамзатқа көп заттарды шешуге көмектесуде. Алайда, адамзат жасанды интелекттің зардабтарына да дайын болған жоқ. Бірақ біз осы зиян жақтары программалық қателерден емес, адамзаттың дұрыс қолданбағанынан болып жатқанын түсінуіміз қажет. Біз адамдар бұл жаңа технологияны дұрыс бағытта қолдана алсақ, жағдай мүлдем басқаша болар еді. Бұның шешіміде өзіміз, өз санамызбен дұрыс қолданып, дұрыс бағытта пайдалануымыз керек.
Сағидолла Ұлар
Оқуға кеңес береміз:
Жаңа GPT-5 — келешектің технологиясы ма әлде адамзатқа қауіп пе?
Жасанды нейрондық желілер: біздің өмірімізге әсері қандай?
Қазақстандағы жасанды интеллект: даму қиындықтары мен перспективалары
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Аяулым
өте жақсы жазылған, әрі қарай дамыңыз!!