Адамның болашағы да, өткені де туған жерімен тығыз байланыста болады. Мен үшін туып-өскен жерім Арыс бойында орналасқан Ақарыс ауылына ештеңе жетпейді. Туып-өскен Ынтымақ ауылым — менің шағын Отаным. Ес білгелі топырағын басып, таза ауасымен тыныстап, тұнық суын ішіп өскен туған өлкемнің тұнып тұрған әсем табиғаты бойыма мақтаныш сезімін ұялатады. Туған жерімнің желпіп өткен самалы бетімді осып өтсе де, мен үшін аялаған жұмсақ алақандай сезіледі. Қаншалықты табиғаты қатал болса да, ол мен үшін мейірімге толы мекен. Кейбір адамдарға менің мекенім кішігірім, ел көзінен тыс, қала маңына жақын бір ауыл болып көрінсе де, мен үшін үлкен бір қала іспеттес.
Менің ауылым — алтын бесігім. Бұл жер менің туған жерім, балалық шағымның куәсі. Әр көшесі, әр үйі маған ыстық әрі қымбат. Ауылдың табиғаты ерекше: кең дала, жасыл ормандар, мөлдір сулы өзендер. Осында мен алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, достарымды таптым. Ауыл адамдарының мейірімділігі мен қонақжайлылығы маған өмірлік үлгі болды. Ауылда өткізген әрбір сәт маған қуаныш пен бақыт сыйлады. Сондықтан мен үшін ауылым — өмірімнің ең қымбат, ең қасиетті мекені.
Ауылым алтын бесігім дегенде, мен де өз ауылымды алтын бесікке теңеймін. Ауыл деген сөздің өзі кереметқой, себебі ауылда таза ауа, тұнып тұрған су, ірімшік, қымыз бәрі бар. Мен ауылымнан жыраққа кетсемде ауылымды ұмытпаймын, айналасы қоршаған тау, орман табиғаты күштіғой шіркін. Менің де өз алтын бесігім, туған жерім өзіме ыстық. Ауылым туралы әңгіме басталса-ақ болды. Жүрегім елжіреп, балалық шағым түгел есіме түседі. ”Аққу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды“демекші ауылымды ұмытпаймын.
Талбитдинова Улмекен Шынгысхон кизи
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Мария
Рахмет сіздерге