Өлең, жыр, ақындар

Журналистік этиканың құқықтық негіздеріне түсінік

Журналистика факультетіне түскен әрбір студент тек журналист боламын деп түседі да, бірақ оның алғышарттарын біле қоймайды. Журналист қандай болуы керек? Халық алдында қандай жауапкершілігі бар?  Дәл осы сұраққа жауап бере алмайды. Себебі, нағыз журналистің этикасы мен әдебін білуі шарт. Мағжан Жұмабаев бекерден-бекер «Мен жастарға сенемін!» деп өлең жолдарын қалдырып, ойып жазып кетпеген. Қазіргі өскелең ұрпақ еліміздің ертеңі. 

Кей сәтте, өмірге бей-жай қарап, бір аялдаманы жіберіп алып жатамыз. Оның барлығы мына біздің қара жәшіктің ішіне кіріп, барлық назарымыз сол бір әлеуметтік желінің арбауына түскен. Журналист ретінде жан-жақты ізденіс пен кәсібилік болғаны дұрыс. Ол тек бір жақты пікірмен қалып кетпей, екі жақты тыңдап, бейтарап көзқараста қалуы керек. Тек бір жақты тыңдап, соның жамауын жамай берсең өзіңнің де өмірің бұрыс бағытқа бұрылуы мүмкін. Себебі, журналист үшін кәсіби парыз маңызды. Ол сөз бен ақпарат бостандығы үшін, жалпы ішкі саясаттың тұрақтылыүы үшін жұмыс жасайды. Сонымен қоса, өзінің атымен, бүркеншік есімімен қолы қойылған әрбір қағаз үшін жауап береді. Бұл журналистің нағыз майталман екенін байқатады. Шыны керек, адам өмірінде кез келген дүние жауапкершіліктен тұрады. Дана, дара Абай атамыз да: «Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан»-деп бекер айтпаған. Кей сәтте кішігірім дүниенің өзі де біз үшін көп жауапкершілік талап етеді. Әлеумет пен қоғам алдында орасан зор жауапкершілігі ақпарат таратуынан-ақ білеміз. Ал ақпарат тарату барысында адалдық – басты фактор. Себебі, біз журналист ретінде қызмет жасаймыз. Тек өзіміздің атымызға ғана нұқсан келмейді, барша төртінші билік иелерінің атына сөз келеді. Журналист ретінде нағыз бейтарап, адал болған әрбір жан өз ісінің маманы болары анық. Тек бұлар ғана емес өзіне және ақпаратына деген сенімділік пен объективті көзқарасы болуы керек. Кей бағдарламаларда дереккөздерді көрсетпей, плагиат(көшіріп алу) жасайды. Дегенмен, дереккөздерді қай ақпарат көзінен алғаны туралы сілтеме жасау керек, бұл да бір журналистің өз жұмысына және әріптестеріне деген құрметі дей аламыз. Бәсекелестікке де дайын болуымыз шарт! Журналист ретінде түрлі дүниені көретінәмәз анық. Десе де, әр дүниенің ауыртпалығы мен қызығы болады. Журналист ретінде де бәсекелестік пен ынтымақтастық орната білуі керек. Әріптесіне көмек қолын соза білгені жөн. Журналистерге берілген мүмкіндік көп, шынымен, жеке басы мен журналистік имиджін қалыптастыру барысында өз шекарасына артық боғауыз сөз бен тіл тигізу сынды факторлар болса өзін заң аясында қорғай алады. 

Журналист өзінің этикалық кодексін, құқығын білуі міндетті! Адал қызмет жасап, ел болашағы үшін қызмет атқаруы керек. Бұрыннан айтылып келе жатқан мына сөз менің де өмірлік ұстанымыма айналып бара жатқандай: Болашақ жастардың қолында, бүгінгі күн-ертеңгі тарих. Сол тарихты жасайтын мына біз, жастар!  

Журналистің этикалық кодексіне негізделіп жазылған.

Нұрқияс Аяна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз