Өлең, жыр, ақындар

Шеберді саусағы асырайды

«Шеберді саусағы асырайды»,- демекші әрбір маман иесін өз қарым-қабілеті асырайды. Кез келген адам бір саланың үздігі болу үшін бірінші кезекте – теориялық білім, екінші кезекте – тәжірибе қажет. Десе де, қазіргілер «заман талабы» деп жүрген журналист сымақтар тек тәжірибелік жағына өтпес бұрын журналист әдебін сақтап, қарастырады. 

Үмбетбай Уайдиннің «Әдеп әлемі және Журналистика» кітабында нағыз журналистік қасиетті дәріптеп, түсіндіреді. Журналистің, әсіресе, әрбір адам баласының сәлем алуы, беруі бірінші кезекте міндет. «Сәлем — сөздің анасы» демекші, әр сәтте амандасып, сәлем берудің өзіндік тәсілдері бар. Кітап бойынша адамның бір-бірімен амандасуы мен батыстық әдептің елімізге сіңуінің айқын көрінісі байқалады. Наурыз мейрамының өзі осы сәлемдесу арқылы, жаңа жылдың бастауы, ұрыс-керіс пен өкпенің аяқталып, жаңаша араласу керегін түсіндіреді. Журналист – бесаспап! Ол кез келген ақпаратты реттеп, терминді қолдану орнын білуі керек. Мысалы, факультетіміздің оқытушысы – Сағатбек Медеубек ағайымыздың өзіндік стилі бар. Ағайдың есімін атаған сәтте бірден «айтаман», «айтарман» сынды термин есімізге түседі. Бұл да бір журналистің өзіндік стилі мен термин қолданысының ауқымды екенін байқаймыз. Терминнің маңыздылығымен қоса этикалық норманың маңызы ерекше. Этикалық норма – ол журналистің қызметтік көрінісін байқатады. Кез келген жерде журналистік шеберлікті пайдаланып, дұрыс пен бұрысты ажырата білу керек. Барша адаммен қызметтік қарым-қатынас, әріптеспен әріптес ретінде, бастықпен маман ретінде байланыс орнатуы міндетті. Сонымен қоса, әрбір іс-әрекетін ойланып, саралап жасағаны дұрыс. Әсіресе, заң тұрғысында қызмет көрсетіп, заңды қозғай білуі, айта білуі шарт!

Шыны керек, қазір XXI ғасыр жаңа әлеуметтік желілердің дамып, өзге дем әкелген барлығымыз білеміз. Зияны мен оңды жағы қатар жүретін бұл қара жәшіктің түсіндіргені оқырманмен кері байланфс жасап отыруы керек. Сол сәтте ғана сіз өзгеше бір оқырман махаббаты мен ықыласын сезе алады. Сондықтан сөйлеген, жазған кезде де басқаша ойлап, жеті рет өлшеп бір рет кесу керек. Ойланып, сөйлеу мен оның нормаларын сақтау журналистің басты шарты. Кей сәтте тек этикалық норманы сақтап қана қоймай, қате жазу мен норманы сақтамаудың өзі көптеген журналистерде қалыпты дүниеге айналып жатыр. Мысалы, газет пен журналдың бетін ашқанда, әрине, көпке топырақ шашпаймын, десе де, кейбірінен өрескел қателікті көре аламыз. Мысалы, ЖА (аты жасырылған) газетінің бірінші сөйлемінен бастап-ақ қатені көре аламыз. «Шекарашылар өлімі: дәлелдер мен болжамдар» мақаласында «штатының» сөзі – «штатытың» деп, сөйлем соңында дұрыс аяқталмай қалуы, әсіресе, келер шақпен жазылған екен. Дәл осы қателік қанша беттен көреміз. Мұның бәрі «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» демекші, бір журналистің қателігінен барша журналист атаулысына кері әсерін тигізгенін байқаймыз.

Журналист ретінде заман талабына жығылып, оқырман мен көрерменнің жүрегі мен әлеміне жол таба білуіміз керек. Сол себепті, журналист – бесаспап! Шеберді саусағы асырайды»,- демекші әрбір маман иесін өз қарым-қабілеті асырайды. Кез келген адам бір саланың үздігі болу үшін бірінші кезекте – теориялық білім, екінші кезекте – тәжірибе қажет. Десе де, қазіргілер «заман талабы» деп жүрген журналист сымақтар тек тәжірибелік жағына өтпес бұрын журналист әдебін сақтап, қарастырады. 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар

Пікірлер