Садықтың әкесі — бағбан. Садық оған үнемі көмектесіп жүреді. Қар кетісімен әкесі мен баласы бақта тынбай еңбек етеді.
Бір күні Қалел жүгіріп келіп:
— Кеттiк, Садық, ойынға, — дедi.
— Менің жұмысым көп, — деп жауап берді Садық оған.
— Жұмыс деген немене, тәйірі! Одан да ойнаған қызық емес пе?!
Садық ойнағысы келіп кетсе де, жұмысын жалғастыра берді.
Күз де келді. Бақта жеміс пен жидектің сан алуан түрі пісті. Садықтың өзі де қарық болды, досын да барынша сыйлады. Қалел тойып алып:
— Бәрін де түк қалдырмай жеп қоямыз, — деді.
— Қалады, — деп жауап берді Садық.
— Әкем «Кім ойынға елікпей еңбек етсе, жер соны қарық қылады» деген.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі