Өлең, жыр, ақындар

Эрнест Хемингуэй туралы қызықты деректер

1899 жылдың 21-шілдесінде америкалық жазушы, журналист әдебиет бойынша 1954 жылы Нобель сыйлығын иемденген Эрнест Миллер Хемингуэй дүниеге келеді.  

1. Эрнест Хемингуэй Чикаго маңайындағы шағын қалашықта дәрігер мен үй шаруасындағы әйел адамның отбасында дүниеге келген. Ол өз дегенінен қайтпайтын қырсық бала болған. Ер жеткен шағында анасы қалағандай музыкаға бет бұрмайды және университетке түсуден бас тартады. Оның орнына ол ағасының үйіне көшіп барады да, жергілікті басылымға тілші ретінде орналасады. Бірінші күннен-ақ оған өрт туралы сюжет жасау бұйырады.

2. Бірінші Дүниежүзілік соғыс басталғанда Хемингуэй майдан алаңына түскісі келеді, дегенмен оны әскерге көзі нашар көретіндіктен алмады. Сол кезде жас жігіт Қызыл Айыр бөліміне ерікті-жүргізуші ретінде жазылады, осылайша Италиядағы майдан алаңынан бір шығады. Алғашқы күннен бастап оларды жарылған зауыт аймағынан өліктерді тазартуға жібереді. Олар әйелдер мен балалардың да өлі денелерін сыртқа тасиды. Ол соғыс уақытында итальян снайперін оттан аман алып қалып көзге түседі. Ал, өзі сол уақытта екі жүзге жуық жарақат алады.

3. Хемингуэйдің сүйікті қаласы Париж болып қала береді. Алғаш рет қалаға 1921 жылы әйелімен бірге барады. Жас жұбайлар өте жұпыны өмір сүреді. Дегенмен, ол жазушы Скотт Фицджеральд, Джеймс Джойс, Гертруда Стайн, ақын Эзра Паундамен танысады. Париждегі бақытты күндерін «Сенімен әрқашан бірге мереке» («Праздник, который всегда с тобой» ,1964) естеліктер кітабында басып шығарады.

4. Эрнест Хемингуэй әйелдер арасында құрметке ие еді. Дегенмен, ол аса қыдырғанды жақсы көрмейтін. Оның әр қарым-қатынасы неке қиюмен аяқталатын. Сондықтан, ол 4 рет отбасын құрған. Алғашқы екі отбасынан үш ұлы бар.  

5. Хемингуэй шығармаларды жазу барысында жиі жаңғақ майы мен пияз қосылған бутерброд жеген. Ол жақсы тамақтанғанды жөн санайтын және тағам дайындағанды ұнататын. Флоридадағы мұражайдан оның рецептерін көруге болады.   

6. Хемингуэй жайында тараған әңгімелердің арасынан мынаны жиі кездестіруге болады. Бір күні ол достарымен бірнеше сөзден тұратын ең мұңды әңгіме жазуға бәстескен болатын. Нәтижесінде: «Балалар аяқ киімі сатылады. Киілмеген» деген әңгіме жазып, жеңген көрінеді. Бұның анық-қанығын тексеру үшін сайт Quote Investigator зерттеу жүргізеді. 1917 жылы бұл тіркес Уильям Р. Кейннің мақаласында алғаш кездескен. Ал, заманауи нұсқасы 1991 жылы жазылған.

7. Хемингуэй аңшылықты жақсы көрген. Ол тіпті Оңтүстік Африкада ұзақ мерзімді сафари өткізген. Алған әсерімен «Африканың жасыл төбелері» (Зеленые холмы Африки) атты кітабында бөліскен.

8. Өмірінің соңғы жылдары Хемингуэйдің есінен ауытқуы жиі байқалған және оны FBI агенттері аңдып жүргеніне сенімді болған. Ол емделу үшін Родчестердегі Майо психикалық емханасына жатқызылған. Тіпті, досына телефон шалып, оған арнайы аңду құрылғысы орнатылғанын айтқан. Сол уақытта ешкім сенбеген. Дегенмен, араға 50 жыл салып, ақпарат еркіндігі заңы енген соң, шынымен оны аңдығаны және тыңдалым жұмыстары жүргізгені белгілі болған.

9. 1961 жылдың 2-шілдесінде емханадан шыққан соң Хемингуэй өзін атып өлтірген. Қарудың маркасы Vincenzo Bernardelli болатын. Қазір бұл қару атауы "Hemingway" етіп өзгертілді.

10. 2000 жылы Хэменгуэйдің повесті «Шал пен теңіз» (Старик и море) бойынша түсірілен мультфильм «Оскар» иемденген болатын.

Оқуға кеңес береміз:

Эр­нест Хе­мин­гуэй­дің қа­нат­ты сөз­де­рі

«Шал мен теңіз» повесінің ерекшелігі

Эрнест Хемингуэйдің шығармалары


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер