Өлең, жыр, ақындар

Асқар Сүлейменовтың өмірі мен қызметі

Ас­қар Сү­лей­ме­нов шы­ғар­ма­шы­лы­ғы — ең ал­ды­мен, ұлт­сыз­да­ну­ға қар­сы шы­ғар­ма­шы­лық, қар­сы­лық әде­бие­ті. Де­мек, оның қай­нар көзі де ұлт­тық дү­ни­ета­ным­да, ұлт­тық фи­ло­со­фия­да, салт-дәс­түр­де, са­на-се­зім­де… Ас­қар Сү­лей­ме­нов дү­ни­ета­ны­мы­ның, әде­бие­ті­нің не­гі­зін ба­тыс­тан емес, өз та­ри­хы­мыз­дан, өз фи­ло­со­фия­мыз­дан бас­тау ке­рек.

Аб­дул Рах­ма­нұлы Аб­дул­кә­рім

Ас­қар Сү­лей­ме­нов — терең­нен суы­рып, таң­дайды қуы­рып ай­та­тын, ешқа­шан еш­кім­ге, еш­те­ңе­ге ұқ­са­май, ел­ден ерек мүсін­дел­ген жан.

Әбіш Ке­кіл­ба­ев

Ас­қар — ту­ма ше­шен. Орыс­ша-қа­зақ­ша­ға тең­дей жүй­рік. Жұрт­тың бә­рін ау­зы­на қа­ра­тып, таң­дан­ды­ра ұйыта сөй­лей­ді… Ол ба­тыс­шыл бо­ла­тын. Чаадаев­ты ерек­ше қа­дір­лейт­ін. Ниц­ше, Шо­пен­гауэр, Ла­рош­фу­ко, Мал­лар­ме, Ка­мю, Бел­ль, Хе­мин­гуэй деп сөй­лейт­ін. Бет­хо­вен, Брамс, Мо­ца­рт­қа тән­ті бо­ла­тын. Ма­лер сим­фо­ния­ла­рын таң ат­қан­ша тың­дай­тын… Тәт­тім­бет деп те­бі­ре­не­тін. Бі­рақ сөз жү­зін­де қан­ша ба­тысшыл бол­са да, ме­нің пай­ым­дау­ым­ша, ол та­би­ға­ты­нан шы­ғыс ада­мы еді. Бол­мыс­ты кө­бі­не­се шы­ғыс­ша қа­был­дай­тын… Қа­лай бол­ған­да да, Ас­қар жа­ра­ты­лы­сы бө­лек жан еді.

Ге­рольд Бель­гер 

Жал­пы А.Сү­лей­ме­нов шы­ғар­ма­шы­лы­ғы­ның аса ерек­ше­лі­гі — те­рең­нен тар­та­тын ге­нети­ка­лық ко­ды жә­не оның жа­сы­рын­ды­ғы, ой­ға шер­тіп тұ­ра­тын­дық­тан да не­бір ин­те­рп­рета­ция­лар­ға мүм­кін­дік бе­ре­ті­ні (жә­не бір қы­зы­ғы — өте биог­ра­фия­лы­лы­ғы, бі­рақ сю­жет­тіксе­зім­дік ар­на­лар­ды мүл­дем жау­ып тас­тай­тын­дық­тан, оны­сы еш бай­қал­май­ты­ны).

Әлия Бө­пе­жа­но­ва 

Білгенге маржан

Өнер­ді се­рік ет­кен­дер­дің ішін­де­гі өр­кеш­ті­сі сал Бір­жан­ның өмі­рі ар­қы­лы ән мен ән­ші­лік тағ­дыр­дың ғақ­лия­сын шерт­кен жа­зу­шы Ас­қар Сү­лей­ме­нов­тің «Адас­қақ» по­ве­сі отыз жыл­дан кей­ін, 2018 жы­лы дра­ма ті­лі­мен сөй­ле­ді. М.Әуе­зов атын­да­ғы Қа­зақ ака­де­мия­лық дра­ма теат­ры ұсын­ған «Адас­қақ­тың» сах­на­лық нұс­қа­сын жа­сап, ық­шам­да­ған бел­гі­лі әде­би­ет сын­шы­сы, мә­де­ни­ет­та­ну­шы Әлия Бө­пе­жа­но­ва бол­са, қат­па­ры қа­лың, ас­та­ры мол күр­де­лі шы­ғар­ма­ның басая­ғын қам­тып, ре­жис­су­ра ті­лі­мен тәп­сір­ле­ген —

Әубә­кір Ра­хи­мов.

Іл­ге­рі­рек­те Ә.Ра­­хи­мов А.Сү­лей­ме­нов­тің «Төрт тақ­та — жай­на­маз», «Қыз­дай же­сір — штат қыс­қар­ту», «Же­тін­ші па­ла­та», «Кек» се­кіл­ді фи­ло­со­фия­лық мә­ні те­рең пьеса­ла­рын сах­на­ла­ған. Ас­қар шы­ғар­ма­шы­лы­ғын­да­ғы еш­кім­ге ұқ­са­май­тын тіл, ой, стиль ерек­ше­лі­гі­мен ер­те­рек та­ныс­қан ше­бер­ге ға­на ба­ғы­на­тын ке­сек­тік бұл. Ә.Бө­пе­жа­но­ва шы­ғар­ма­ның өзе­гін сақ­тай оты­рып, Бір­жан өмір сүр­ген ке­зең­ге тән аху­ал­ды, Ақан — Бір­жан — Абай тіз­бе­гін кө­те­ре­тін ең ма­ңыз­ды диа­лог-дің­гек­ті дұ­рыс ірік­тей ал­ға­ны ту­ын­ды­ның то­лық, бір­тұ­тас сах­на­лық шы­ғар­ма бо­луы­на мүм­кін­дік бер­ген.

Ай­гүл Ахан­бай­қы­зы

Ас­қар Сү­лей­ме­нов ба­ла ке­зі­нен кеп­тер мен жыл­қы­ны, сон­дай-ақ кі­тап оқу­ды жақ­сы көр­ген. Кү­ні­не 2-3 кі­тап­ты оқып тас­тай­тын­дық­тан, ау­ыл кі­тап­ха­на­сы қорында­ғы 14 мың кі­тап­тың бар­лы­ғын оқып бітірген. Ас­қар Сү­лей­ме­нов ана­сы Қым­бат­ты «Айто­ты» деп, ал қы­зы Әсма­ны «Ми­ле­ди» деп ата­ған екен.

Ас­қар Сү­лей­ме­нов қай өңір­де ту­ып-өсіп, бі­лім ал­ған?

Асқар Сүлейменов 1938 жылы Түркістан облысы Түркістан ауданы Шорнақ ауылында дүниеге келген. Әкесі соғыстан оралмаған соң, тұрмыс жағдайына байланысты Созақ ауданына қарасты Шолаққорған елді мекенінде өсіп, ержетеді. Қазақша, орысша әдеби кітаптарды көп оқығандықтан, екі тілге бірдей жетік болған. Қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің тарих-филология факультетін және оның аспирантурасын бітірген.

Қа­лам­гер қан­дай қыз­мет­тер­ді ат­қар­ған?

А.Сүлейменов «Жұлдыз», «Парасат» журналдарында, «Қазақфильм» киностудиясында, Жазушылар одағында, М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрда қызмет еткен. Ол өзі жұмыс істеген орталарына жаңа леп енгізуге тырысқан. Мәселен, «Қыз Жібек» көркем фильмінің редакторы ретінде көптеген шығармашылық жұмыс атқарған, «Құлагер» кинофильміне түсетін жылқыны Жамбыл облысындағы Луговой жылқы зауытынан өзі іздеп, тауып әкелген.

Қазақ академиялық драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі болған кезде ұлттық классиканың жаңаша интерпретациялануына үлкен үлес қосқан. Ас­қар Сү­лей­ме­нов қан­дай шы­ғар­ма­лар­ды дү­ние­ге әкел­ген?

Әріптестері «әлемдік әдебиеттің, соның ішінде модернизм үлгісінің сұлу өрнектерін өз прозасына шебер көшіре білген жазушы» деп баға бере отырып, оның психологиялық қақтығыстар мен философиялық толғауларға толы шығармаларын бірден түсініп оқу оңай емес екенін айтады.

Оның «Бесін», диалог принципімен жазылған «Адасқақ», «Бесатар» атты прозалық шығармалары, «Арғымақ пен шабандоз», «Кек» драмалық жинағы, «Болмыспен бетпе-бет» деп аталатын сыни-эстетикалық еңбектері, «Шашылып түскен тіркестер» атты философиялық ой-толғамдары, әдебиет пен өнер турасында жүзден астам мақалалары жарық көрген.

А.Сүлейменовтің «Бесін» кітабы туралы мақаласында Ғабит Мүсірепов: «Жаңаша жазушы, жазуға жаңалық кіргізер жазушы келе жатыр. Тек Асқарды сыдыртып оқымай, ішке түйе оқу керек», — деп жазса, Зейнолла Серікқалиев: «Өнердің шын қадірін білетіндер жүрегінде есімі дәйім сақталар көрнекті қаламгер, толағай сыншы Асқар Сүлейменов — драмалық шығармаларымен ғана емес, «Құлагер», «Арғымақ пен шабандоз» фильмдерінің сценарийлері, Ғабит Мүсіреповті тебіренткен прозалық туындылары, әдеби ойлы толғаныстары арқылы да талай ұрпақты табындырар өлшеусіз тағылым өнегесі», — деп жазушының талантына тәнті болды.

А.Сүлейменов тек дарынды қаламгер ғана емес, қазақ халқының рухани көшбасшыларының бірі болған. Айналасындағы шығармашылық иелерінің барлығының басын қосып, топтастыра білген. Оның әрбір шығармасы бостандыққа ұмтылуға, тарихи тамырларды, ұлтымыздың өзіндік ерекшеліктерін сақтап қалуға үндеп отырады. Қазақтың күйінен бастап, классикалық музыканы да жанымен жақсы көрген.

А.Сүлейменовтің әдеби мұрасында өз шығармаларынан басқа көптеген көркем аудармалары да бар. Б.Брехттің «Сычуанның мейірі», Ж.Мольердің «Ақымақ болған басым-ай!», Э.Хемингуэйдің «Бесінші колонна», М.Булгаковтың «Жендеттер», Т.Уильямстың «Әйнек хайуанатхана», Е.Шварцтың «Күн қыз — күл қыз», «Қар ханым», С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі», Н.Мирошниченконың «Айтыс», тағы да басқа көптеген пьесаларды қазақ тіліне тәржімелеген. 1996 жылы «Ситуациялар» триптихі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды.

Созақ ауданының орталығы Шолаққорғандағы өзі оқыған жалпы білім беретін орта мектепке Асқар Сүлейменовтің аты беріліп, ескерткіші орнатылды.

Қа­лам­гер ту­ра­лы жа­зыл­ған дү­ние­лер бар ма?

А.Сүлейменовтің шығармашылығы жайлы «Парасат падишасы» естеліктер кітабы, Р.Сыздықованың «Асқардың сөз өрімі. Парасат падишасы», Ө.Қырғызбаевтың «Асқар ұшқан ұя» деректі повесі, Д.Тұрантегінің «Асқар әлемі», А.Қалшабектің «А.Сүлейменов шығармашылығындағы рухани-көркемдік ізденістер» зерттеуі, Ә.Рахимовтың «Пьесадан спектакльге дейін», Т.Әсемқұловтың «Кемеңгер өмірінен бір үзік сыр» эсселері, сондай-ақ А.Мұсабаеваның «Асқар Сүлейменовтің шығармашылығындағы шыншылдық көріністер», Ж.Нармаханованың «Өзі жасап алған әлемнің иесі», С.Бекмұратұлының «Сөзі салмақты, өзі жан-жақты Асқар еді-ау» атты мақалалары жарық көрді.

Оқуға кеңес береміз:

Асқар Сүлейменовтың қанатты сөздері

«Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ

«Бесатар» повесі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз