Алматы қаласы Алатау ауданы
№151 ЖББМ директордың
тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Алматы қаласы Алатау ауданы №151 жалпы білім беретін мектептің көркем еңбек пән мұғалімі Естаев Саят Рысбекұлы оқушылардың шеберлігін арттырып, озық тәжірибемен алмасу, ой-өрісін кеңейтіп, білімнің жаңа салаларына тарту мақсатында «Ұлттық құндылықтар тәрбиенің бастауы» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді. Ұлттық құндылықтарды оқушыларға терең мағынада дәріптеу үшін шеберлік сабағына қонақ ретінде Алатау аудандық білім бөлімінің маманы Смагулова Алия Белгибайқызы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР Дизайнерлер Одағының мүшесі, ҚР Этнодизайнерлер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің директоры Дәулет Дәркембайұлы; Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің қызметкерлері: Мүлікбаев Ринат Құмарбекұлы; Тлепбергенов Мәди Ұланұлы; Әбдіқайымов Дәулетбек Қуатбекұлы. Мектеп әкімшілігі, мектеп ұжымы мен мектеп оқушылары шақырылды.
Іс шараның ашылу салтанатына өнерлі балақайлар мен шығармашыл ұстаздар өздерінің әуезді әні мен мың бұралған биі орындалды. Әрине, алғашқы болып сөз алған талантты қылқалам шебері, мектебіміздің көркем еңбек пәнінің ұстазы Саят Рысбекұлы өзіндік қолтаңбасымен ерекшеленетін туындыларының қалай жарыққа шыққанын әңгімелеп бастады. Ол өзінің тәжірибесімен бөлісу арқылы оқушылардың бейнелеу өнеріне деген ерекше құрметін арттыра білгенін байқауға болады.
Келесі болып сөз алған қонағымыз Ұста Дәркембай атындағы қолөнер музейінің директоры Дәулет Дәркембайұлы «Қазақтың ұлттық құндылықтары ұрпақтан ұрпаққа қолөнер бұйымдары арқылы аманат болып келетіні» жайына тоқталды.
Шеберлік сабақ барысында көпшіліктің назарына көркем бұйымдар, бұрын соңды оқушылар көрмеген шеберлердің қолөнерлері ұсынылып, көрерменнің, әсіресе оқушылардың ерекше қызығушылықтарын оятты. Осы орайда, болашақта мектепте ашылатын мұражайға осындай тамсанарлық дүниелер мен жәдігерлерді жинақтап, Ұлттық құндылықтарды дәріптеу, насихаттау жалғасын табатындығы қуантты.
Мектебіміздің көркем еңбек пәнінің ұстазы Саят Рысбекұлының осындай ұрпаққа өнеге болар, өресі кең кездесу ұйымдастырғаны үшін, қолөнердің өзіндік ерекшеліктерімен оқушыларымызды таныстырып ізгі істі ілгері тартқаны үшін алғыс айтылды.
Ұлы дала төсінде дәстүріміз жанданып, ұлттық өнеріміздің алтын арқауының бірі саналатын қолөнершілеріміз көбейіп, Ұлттық құндылықтар ұлықталып, көне дәстүрлер көздің қарашығындай сақтала берсін деген ниетпен Шеберлік сабақ өз мәресіне жетті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі