Ренессанс, яғни Қайта өрлеу дәуірі – адамзат тарихындағы ерекше жарқын кезеңдердің бірі. Бұл дәуір Еуропада XIV-XVII ғасырлар арасында орын алып, ғылым, өнер, философия және әдебиетте орасан зор жетістіктерімен танылды. Ренессанс орта ғасырлар мен Жаңа заманның арасындағы көпір іспетті, мәдениет пен өнердің жаңғыруына жол ашқан уақыт болды. Бұл кезеңнің түп тамыры Италиядан бастау алды. Италияның Флоренция, Венеция және Рим қалалары Ренессанс дәуірінің орталығы болды. Оның басты ерекшелігі – адамның шығармашылық әлеуетін тану мен жоғары бағалау еді. Егер орта ғасырлар Құдайға табынуды, діни қағидаларға сүйенуді дәріптесе, Ренессанс дәуірінде адамзаттың өзі, оның ақыл-ойы, мүмкіндігі мен еркіндігі басты назарға ілікті. Ренессанс дәуірінің ұлы тұлғалары – Леонардо да Винчи, Микеланджело, Рафаэль және Данте – Қайта өрлеудің қаймақтары іспеттес болды, ал олардың алдындағы және олардан кейінгі осы тарихи кезеңді қалыптастырушылар, бірінен бірі озарлық туындылардың авторлары атағын мақтанышпен иеленеді. Мысалы, Леонардо да Винчи – тек суретші емес, ғалым, инженер және философ ретінде де танылған ұлы ойшыл. Оның әйгілі “Мона Лиза” туындысы Ренессанс өнерінің символына айналды. Ал Микеланджелоның “Давид” мүсіні мен Сикстин капелласындағы фрескалары адам сұлулығы мен рухани тереңдікке деген сүйіспеншілікті көрсетеді. Бұл дәуірдің тағы бір айрықша ерекшелігі – ғылым мен техниканың дамуында. Галилео Галилей және Коперник сынды ғалымдар әлемнің құрылымын жаңаша түсіндіріп, адамзаттың дүниетанымына түбегейлі өзгеріс әкелді. Баспахана өнерінің дамуы, әсіресе, Иоганн Гутенбергтің кітап басу әдісін ойлап табуы білімнің жаппай таралуына ықпал етті. Ренессанс дәуірінің әдебиеті де ерекше маңызға ие. Уильям Шекспир, Сервантес және Боккачо сынды жазушылар адамның ішкі жан дүниесін, оның сезімдері мен қайшылықтарын терең сипаттап берді. Шекспирдің “Гамлет”пен “Отелло” пьесалары адамның өмір сүру мәнін, оның күрделі табиғатын ашып көрсетті. Ренессанс – өнер мен ғылымның, адамзат ақыл-ойының нағыз жарқыраған дәуірі. Ол біздің бүгінгі мәдениетіміз бен біліміміздің негізін қалап, әрбір адамға өз әлеуетін жүзеге асыруға шабыт береді. Ренессанс дәуірінің мұрасы бізді әлі күнге дейін таңдандырып, жаңа биіктерге ұмтылуға итермелейді. Бұл дәуір бізге өз тарихымызды, өз құндылықтарымызды бағалауды үйретеді. Қайта өрлеу идеялары арқылы адамзат өз мүмкіндіктерін шексіз екенін түсініп, болашаққа сеніммен қарайды.
Жетекшісі,
Маржан АЛИКБАЕВА
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Аға оқытушы
Луара ЖАППАР
ӘЛ-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және Саясаттану факультеті 2 курс студенті
#ҚазҰУ
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі