Дэн Браунның “Да Винчи коды” романы — шым-шытырық оқиғаларға толы детективтік туынды, онда дін, өнер және ғылымның құпиялары бір арнада тоғысады. Ол роман кейін блокбастерге бейімделіп, тағы бір рет сенсация атанды. Қайта өрлеу дәуірінің жұмыстарына жұртшылықтың назарын аударудың сөзсіз көрнекті әрекеті «интеллектуалды детективтің» жарқын пакетінде ұсынылды. Ал оқырмандар, былайша айтқанда, аяғына дейін үңілу үшін кітап сезімге, сырға толы – сынсыз санада әрқашан өшпес із қалдыратын нәрсе. Оқиға әлемге әйгілі Лувр мұражайында басталады. Мұражайдың директоры Жак Соньерді белгісіз біреу өлтірген соң, оның денесінің қасында жұмбақ белгілер мен кодтар табылады. Осы қылмысты шешу үшін танымал символист Роберт Лэнгдон және криптолог Софи Неве шақырылады. Туындының басты идеясы – христиан діні мен тарихының көлеңкеде қалған шындықтарын ашу. Соньердің өлімінің астарында ежелгі Сион қауымдастығы және оның Иса пайғамбар мен Мәриям Магдалена туралы шындықты сақтап қалғаны туралы құпия жатыр. Кілттер мен кодтарды шеше отырып, Лэнгдон мен Софи құпияны табу жолында өмірлеріне қауіп төндіретін оқиғаларды бастан кешеді. Роман барысында оқырман тарихи және діни маңызға ие шедеврлерге, мысалы, Леонардо да Винчидің әйгілі “Мона Лиза” және “Соңғы кешкі ас” туындыларына ерекше көзқараспен қарауға мүмкіндік алады. Әрбір код пен жұмбақ жаңа дерекке жол ашады, бұл туындыны оқып отырған жанның қызығушылығын арттырады. Дэн Браун шығармасы діни мәселелерді қозғай отырып, сенім мен ғылым арасындағы күрделі қарым-қатынасты ашады. Оның негізінде тарихты қайта қарау және әрбір символдың мәнін түсіну арқылы оқырманның логикалық ойлау қабілеті мен танымын кеңейтуге шақырады. Романның соңында басты кейіпкерлер шындыққа бір қадам жақындай түседі, бірақ барлық сұрақтарға нақты жауап таба алмайды. Бұл туындының оқырманды ойлануға итермелейтін ерекшелігі болып табылады. “Да Винчи коды” – құпиялар мен жұмбақтарға толы, интеллектуалды саяхатқа шақыратын ерекше роман. Автордың стилі, күрделі оқиға желісі және тарихи деректермен толыққан мазмұны шығарманы тек детектив ретінде ғана емес, философиялық туынды ретінде де қабылдауға мүмкіндік береді.
Жетекшісі,
Маржан АЛИКБАЕВА
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Аға оқытушы
Луара ЖАППАР,
ӘЛ-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және Саясаттану факультеті 2 курс студенті
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі