Өлең, жыр, ақындар

"Ертегілер еліне саяхат" мектепішілік қойылымдар сайысының бағдарламасы - 2

Бастауыш сыныптар арасында өткен,  мектепішілік «Ертегілер елінде» атты мерекелік іс-шараның бағдарламасы (1-ауысым)

1-жүргізуші:
— Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен аналар, оқушылар!
2-жүргізуші:
— «Ертегілер елінде» атты мектепішілік іс-шарамызды ашуға рұқсат етіңіздер!
1-жүргізуші:
— Кеш шымылдығын 1 «б» сынып оқушылары «Шалқан» ертегісімен ашады!​ Сүйкімді қатысушыларымызды қол соғып, қарсы алыңыздар! Жетекшісі — Мұстафенова Гүлжан апай!
2-жүргізуші:
— Келесі көріністі 1 «в» сыныбы «Күзетші аю» ертегісімен жалғастырмақ! Авторы: Гүлмекен Қасенбай апай.
1-жүргізуші:
— Қарсы алыңыздар!​ Тіл жанашыры Қоңыр Аю мен ақын аңдардың оқиғасын тамашалаңыздар!
2-жүргізуші:
Жетекшісі — Алшынбай Бекзат апай!
1-жүргізуші:
— Қыздар,  сіздер ойдың тағдырға әсері бар дегенге сенесіздер ме? Сенбесеңіздер,  тамашалап көріңіздер.
2-жүргізуші:
— 2 «б» сынып оқушылары «Жақсы ой мен жаман ой» атты көріністі сахналамақшы! Жетекшісі — Джанжолова Раиса апай. Қойылым авторы: Гүлмекен Қасенбай апай.
1-жүргізуші:
— Біздің мектепте Ханшайымдар өте көп.
2-жүргізуші:
— Сондай-ақ тапқыр ханшалар да баршылық!
1-жүргізуші:
— 2 «г» сынып оқушылары «Тапқыр Ханша» қойылымымен алдарыңызда!
2-жүргізуші:
— Жетекшісі — Аубакирова Айнұр апай. Қойылым авторы: Гүлмекен Қасенбай апай. Қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:
— Қыздар,  сіздер сиқырға сенесіздер ме?
2-жүргізуші:
— Ғылым тұнып тұрған сиқыр емес пе?
1-жүргізуші:
— 3 «б» сыныбы «Сиқырлы кітап» ертегісімен алдарыңызда!
2-жүргізуші:
— Жетекшісі — Нурмуханбетова Күлайхан апай. Қойылым авторы: Гүлмекен Қасенбай апай. Бірге тамашалайық?!
1-жүргізуші:
— Біз қаласақ — өте үлгілі оқушы бола аламыз.
2-жүргізуші:
— Қаламасақ — ең нашар оқушыға айналамыз!
1-жүргізуші:
— 3 «в» сыныбы,  қалай жақсы жаққа өзгеруді көрсетпекші..!
2-жүргізуші:
— Онда барлығымыз бірге тамашалайық?! "Қалампыр қалай өзгерді" қойылымы. Авторы: Гүлмекен Қасенбай  апай. Сынып жетекшісі — Джанжолова Раиса апай.
1-жүргізуші:
— Қыздар,  сендердің араларыңда жылдам ренжіп, тез өкпелеп қалатындар бар ма?
2- жүргізуші:
— Мен білсем өте көп! Ендеше  «Қозы қалай өзгерді?» қойылымымен 4-«в» сыныбы  алдарыңызда.
1-жүргізуші:
— Жетекшісі — Имандосова Арайлым апай. Авторы: Гүлмекен Қасенбай апай. Осы қойылыммен бүгінгі кеш шымылдығын жабамыз!
2-жүргізуші:
— Қойылымды көріп,  санамызға пайдалы ақпаратты түйіп отырайық!
Ал құрметті көрермендер! Әділқазы алқасы сайыс қорытындысын жариялағанша,  қыздар жаңылтпаш,  тақпақ айтудан жарыса тұрсын!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар