Өлең, жыр, ақындар

Ұйымдағы корпоративтік мәдениет

Қазіргі таңда 90 жылдық тарихы бар үздік университеттердің бірі – Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті студенттердің академиялық бағыттағы қасиеттерінің дамуына үлес қосуда. Сонымен қатар, магистранттардың болашақ жас ғалымдар ретінде дамуына, ғылымның қыр-сырымен танысуға және де еліміздің абыройлы мамандары болуымыз үшін әртүрлі бағыттарда дамытып жатыр. Оның ішінде, оқытылатын пәндерге ерекше көңіл бөлінеді. Сөзге тиек ететін болсақ, филология факультетінің 1 курс магистранттарында өтетін «Басқару психологиясы» пәні болашақ филологтарды психологиялық жағынан  мықты әрі талапшыл болуды үйретуде. Оқытушы Жубаназарова Назираш Сүлейменқызының бастауымен «Басқару психологиясы» пәнінде ұйымда кездесетін әртүрлі оқиғаларды сараптай отырып, ғалымдардың түйген ойларына анализ жасай отырып, психология саласын жаңа тұрғыдан зерттеу үстіндеміз. Алға қойылған мақсат пен міндеттің әрдайым дұрыс бағытта жүзеге асатынын талқылай отырып, осы саланы жетік меңгеріп жатқан магистранттардың біріміз. Сонымен қатар, зерттеу мен тәжірибе алмасу барысында қызықты тақырыптың бірі – «Ұйымдағы корпоративтік мәдениет» жайлы талдап, оның ерекше тұстары мен жаңашылдықтарын анықтадық.

Бүгінде, ұйымда табысты жұмыс істеуі мен дамуы көптеген ішкі, сыртқы факторларға және корпоративтік мәдениетке тәуелді. Бірақ та, ұйымдағы корпоративтік мәдениет, бұл – бірдей киім үлгелері, тұрақты корпоративтер емес. Ұйымдағы корпоративтік мәдениет – ортақ философиясы бар, мінез-құлық нормаларының және сыртқы атрибуттардың бір-бірімен байланысы. «Корпоративтік мәдениет» ұғымы ең алғаш ХХ ғасырда офицерлер арасында жиі қолданылды. Бірақ, сол уақытта корпоративтік мәдениеттің басты мақсаты – офицерлер арасындағы қарым-қатынастарды сипаттау үшін қолданылды. Ал, қазіргі таңда аталмыш ұғым әрбір қалыптасқан ұйымның ең маңызды бөлігіне айналды. ХХІ ғасырдағы корпоративтік мәдениетті «Айсберг» моделін (1-сурет) қолдана отырып түсіндіре аламыз.

1-сурет. «Айсберг» моделі

«Айсберг» моделі ұйымда орын алатын әрекеттерді екі ойға бөлді. Оны бірі – ұйымдағы корпоративтік мәдениеттің ең алғашқы бөлігі (1), яғни логотип, корпоративтік түстер, қарым-қатынасын стилін жатқыза аламыз. Ал, екінші бөлігі – негізгі бөлімі (су астындағы қабаты, 2). Екінші бөлігінің негізгі аспектілері: ұйымдағы құндылықтар, миссия, стратегия, этикалық ережелер, мотивация, іс-шаралар, дәстүрлер мен еңбек тәртібін атап көрсетеміз. Әбір аталған аспектілер ұйымдағы корпоративтік мәдениеттің дамуына ерекше үлес қосуда және негізге элементтерімен тығыз байланыста.

Ұйымдағы корпоративтік мәдениеттің нәтижеге жеткізетін ең басты үш элементі болды. Олар:  миссия, құндылықтар және даму стратегиясы. Негізгі осы үш элемент корпоративтік мәдениеттің мақсаттары мен міндеттерін ашып көрсетеді және әр элементтің өзіндік ерекшелігі мен қолданылуы бағытын танытады. Мысалы, миссия – ұйымның бар болу мақсатын анықтайтын жаһандық идея. Миссияны тұжырымдау үшін белгілі бір сұрақтарға жауап беруіміз керек: «Ұйым не үшін құрылды?», «Қоршаған ортаға тигізер пайдасы қандай?» сияқты сұрақтарға жауап таба отырып, ұйымның даму бағытын анықтап, стратегияны дұрыс қалыптастыруға негіз болады. Ал, екінші элемент – құндылықтар. Қызметкерлердің күнделікті жұмысында бағыт-бағдар көрсетеді. Сонымен қатар, қызметкерлердің ойында ұйым құндылығына қатысты сұрақтардың туындауы мүмкін. Солардың бірі: «Жұмысқа қалай қарау керек және қандай қағидаларды ұстану қажет?», яғни іс жүргізу тәсілін анықтау үшін, миссияны дұрыс бағытта жүзеге асыру және қойылған мақсаттарға жетуге көмектеседі. Ең соңғы әрі маңызды элемент – даму стратегиясы. Ұйымның қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді дамуының көрінісі. Стратегия бүкіл жолды айқындап көрсетеді. Ұйымның қалыптасуы мен ондағы корпоративтік мәдениеттің дұрыс бағытта дамуына бірден-бір септігін тигізетін элемент. Аталып өткен үш элемент ұйымдық корпоративтік мәдениеттің нақты және бірыңғай қалыптасуына көмектеседі және қызметкерлер арасындағы ынтымақтастықтың күшеюіне септігін тигізеді.

Корпоративтік мәдениеттің ұйымның тек сыртқы үйлесімділігін ғана емес, сонымен қатар, ішкі үйлесімділікті дұрыс қамтамасыз етіп, стратегялық мақсаттардың жетуіне ықпал ететін маңызды құрал. Сол себепті де, алатын маңызы мен атқаратын қызметі көлемді әрі терең зерттелген болуы керек. Ұйымда корпоративтік мәдениеттің жеткілікті деңгейде дамуы – жұмыстың өрлеуі мен жоғары табысқа алып келеді.

Н.С. Жубаназарова Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ психология ғылымдарының кандидаты, профессор

А.Б. Кистаубаева Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранты


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.


Қарап көріңіз