Ас үйінде апталап, айлап тұратын азықтың бірі — алма. Оның табиғи емдік қасиеті жайлы ойланып көрдіңіз бе? Алманың қандай пайдасы бар?
Алма көптеген ертегілер мен хикаяттарда сұлулық, денсаулықтың символы болып бейнеленеді.
2011 жылы Америкадағы химиялық қоғамның өткізген зерттеу нәтижесі бойынша, алманың көмегімен өмірді 10 пайызға ұзартуға болатыны анықталды. Сондай-ақ алма жегеннен кейін ағзаның белсенділігі де арта түседі екен. Бұл зерттеу жануарларға қолданылғанымен, нәтижесі адам ағзасына да қатысты деп саналды.
Массачусетс штатының университеті жүргізген зерттеу нәтижесі бойынша, алма мидағы нейротрансмиттер ацетилхолиннің санын көбейтеді. Ол мидың жаңа құрылымдарды құрып, өзгертуге көмектесетін нейропластикалық модуляцияның қызметін іске қосады. Мидағы ацетилхолиннің артуы есте сақтау қабілетінің жақсаруына әсер етіп, Альцгеймер ауруының алдын алады.
Әдетте инсульт, инфаркт, атеросклероз аурулары LDL-холестеринінің көп болуынан туындайды. Ал алма ол холестерин санын 23 пайызға азайтады. LDL-холестеринді азайтатын арнайы дәрі-дәрмек 18-50 пайызға дейін төмендетсе де, өзге зиянды ауруға апарып соғуы мүмкін. Ал алма мұндай артық ауруларға төтеп береді.
Гавай аралында жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша, ең көп алма жеген топта қатерлі ісік ауруының пайда болу қаупі 40-50 пайызға дейін төмендеген. Алманың құрамындағы антиоксиданттар адам ағзасындағы өкпе ісігінің пайда болуына әсер ететін үдерістерге бөгет болады.
Оқуға кеңес береміз:
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі