Тұмау тез өрбиді және бірнеше күннен 2 аптаға дейін созылуы мүмкін. Сырқат өкпе қабынуы және бронхит сияқты асқынуларға әкеледі. Сондай-ақ, бұрыннан бар жүрек пен өкпе ауруларын қайта қоздырады
Тұмаудың белгілері
Дене қызуының көтерілуі, қалтырау, бас пен бұлшық ет, тамақтың ауыруы, жөтелу және әлсіздік.
Алдын алу шаралары:
— науқас адаммен байланыста болмауға тырысу;
— науқас адаммен байланыста болғанда бетперде тағу;
— инфекция таралмауы үшін қолды сабынмен немесе бактерияға қарсы құралдармен жуу;
— жөтелгенде және түшкіргенде мұрын мен ауызды бір реттік орамалмен жабу;
— көп адам жиналған жерде болмауға тырысу;
— бөлменің ауасын жиі тазарту.
Тұмауға шалдыққанда ауруды таратпау және емделу шаралары:
— үйде отбасының басқа мүшелерінен оқшаулану;
— аурудың алғашқы белгілері байқалғанда-ақ дәрігер шақыру;
— бір реттік орамал пайдалану;
— дәрумендерге бай сұйықтықтар ішу;
— дәрігердің нұсқауына сай ем қабылдау.
Вирус ауа-тамшы жолы арқылы таралатындықтан, күнделікті гигиена сақтау, үй ішін уақытылы желдетіп, ауаны тазарту, сондай-ақ, салауатты өмір салтын ұстанып, пайдалы, құнарлы тамақтану қажет. Мұрын мен ауыз қуысын ұдайы тұзды ерітіндімен шайып, су не қант қосылмаған шырындар мен шайды көбірек ішкен пайдалы.
Оқуға кеңес береміз:
Әлем елдерінде тұмауды қалай емдейді?
Суық тиюден емделу: шын мәнінде көмектесетін әрі қолжетімді әдістер

- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі