Орта Азияның бөлігін қамтыған, кең байтақ өлкеміз сөз жетпес сұлулық пен көркемдікке толы. Ата-бабамыздан мұра болып қалған бұл мекенді бағалау міндетіміз. Тіпті, көз көріп аяқ басар шағымызда Тәңірден келген сыйды көруге асығуға тиіспіз.
“Сұлулық-оны көруді білетін жүректе ғана” демекші, табиғаттың әсемдігіне таңдану да өнер.
Табиғаты таңғажайып Қазақстанның асқақ таулары мен мөлдір көлдеріндегі көркемдікті жәй сөзбен жеткізу қиын. Алатаудың баурайында асқар шыңдарға қарап шабыттанып өскен мына мен жасөспірім шағыма келгенде тауға шығуды әдетке айналдырғым келді. Осы уақытқа дейін шетелге саяхаттамасам да, арман қаламның тау бөктерінде жүріп 5-6 шыңды бағындырыппын. Рухани тазалық пен эстетикалық ләззат алуға болатын бұл жерде табиғатпен байланыса отырып өмірге деген құлшынысың артады.
Жасөспірім шақта көбісі өмірдің мәнін түсінбей, энергиясын қайта шашарын білмей жүреді. Арзан қоғамның қисыңқы көріністеріне бет бұрып қайыры жоқ көңіл көтеретін жерлерде уақытын сарп етеді. Ондай жастарды сөкпеймін, тек пайдасы мол дүниеге бет бұрғандарын қалаймын. Әрине әр адамның не істеуінде өз еркі. Бірақ айналаға бір қарап, жан тыныштығын сыйлайтын ерекше жерлерде көп жүрген дұрыс сияқты. Мысалы мен тауға шыққан сайын өмірге шабытты көзқараспен қарап, өмір сүре бергім келеді. Тауда жүрсем, менен бақытты жан жоқ сияқты көрінеді. Тауда жүріп айналаға көз тастасам, жер мен көк астасып, мәңгілік үндестіктің сырын шерткендей боламын. Алғашында тауға сыныптастарымды ертіп баратынмын. Уақыт өте келе өзіме жаңа орта таба бастадым. “Сен жолға шық, жол сені өзі апарады” деген түйсікпен еш қорқынышсыз жолға шыға саламын. 3000 ға жуық метр биіктікке шығу басында мүмкін емес сияқты, бірақ соңында қалай шыққаныңды ұмытасың. Себебі, шыңды бағындыру өзгеше сезім. Сені мойындатады, және әлсіздігіңді ұмыттырады. Әрине, кейде өз қауіпсіздігіңді ойлайсың. Бірақ мәдениетті мекенде мәдениетті жандардың жүретіні айдан анық. Сонда да сақ болу керек. Мен қасыма әрдайым кәмелеттік жастан асқан жақындарымды ертіп аламын.
Жалпы тауға шығудың зияны болмаса пайдасы өте көп. Тіпті айтпаса да түсінікті шығар. Стрессті азайтады, жүрек-қан тамыр жүйесін нығайтады, дене салмағын реттейді, иммунитет күшейеді. Ең бастысы шығармашыл жандар үшін шабытқа шомылатын ерекше жер. Тауға шықпасаңыздар да, саябақта жүрудің өзі жанға шипа. 24 сағат телефонға телміріп, тик токтың бетін парақтай берген жастардың миын тазартар осы шешім деп ойлаймын. Құрметті, жас өрендер! Тауға шығыңыздар, Жаратқанның жаратылысын көруден жалықпайық!
Ендеше, тек тауға шығудың пайдасын тізбектей бермей, мен тауға шыққанда кездестірген әсерлі оқиғаларыммен бөлісе кетейін. Алғаш “Фурманов” шыңына шығудан басталған сапарым өте қызықты өткен. Сыныптастарыммен тауға қалай шығу керектігін білмейміз, тек қызық үшін бастаған едік. Бірақ сол қызық үшін басталған дүние маған үлкен есігін ашты. Жаздың ең ыстық кезі еді. Күн сәулесінен қорғанатын кремдеріміздің өзі бізді қорғай алмайтындай хәлде болдық! Тауға алғаш шыққандағы тынысымыз тарылып, бірақ көз алдымыздағы шексіз көкжиекке көз тіккен сәтіміз- рухымызға қанат жайған еді. Әңгіме айтып отырып, бірталай биіктікті бағындырып, уақыттың қалай өткенін байқамай, күлкіміздің жаңғырығы таудағы шыңдардан қайтып келе жатқандай болды.
Одан кейін бұл шыңға мен екінші рет шықтым. Бірақ басқа ортамен. Сол кезде сыныптастардың алғашқы сыйлаған жалыны, әлі көкейімде сақталғанын аңғардым. “Үлкен Алматы көлін” естігегдеріңіз бар ма? Ол жердің табиғатын енді айта алмаймын. Әсіресе күз мезігілінде ерекше. 5-6 сағаттық жол. Жол қиындығын ескермей, екі рет бардым. Көл бетіне күннің алтын сәулесі шағылысып, самал желі жүзді аймалағанда, нағыз табиғаттың тынысын сезіне аласың.
Менің мақсатым осы “Үлкен Алматы көлінен” сәл биікте орналасқан “Үлкен Алматы шыңын” бағындыру. Сәтін салса көктемге жоспарлап отырмын. Ұланға ол туралы жазуға уәде беремін. Бұл шың -3680 метрді құрайды. Жәй қызығушылық үшін басталған осындай сапарым белгіді бір мақсаттарды орындауға көшті. Мен оны мегің сүйікті хоббиім ретінде қабылдаймын. Расымен сүйікті ісіңмен айналысу, ерекше құштарлық пен шабыт сыйлайды.
Тау-ұлылық үйлесімі. Тауға шыққан адам оның ұлылығын көріп, өзінің кішіпейіл бір бөлшегі екенін ұғынады. Кейде тура таудың баурайында өскен жандарға таңдана, қызыға қараймын. Жаратушы оларға сондай әдемілікте өсуге мүмкіндік беріп қойғандай. Хантәңірі етегінде туылып, өскен ақиық Мұқағалидың өзі тауды ерекше сипаттайды.
Терең сыр мен ғажайыпқа толы тыныштық мекен -елімізде бар Жаратқанның сыйы.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі