“Қоғамда талғам жоқ, не берсең соны жей береді”. Бұл сөзім қоғамды қаралағаным емес, бірақ қазіргі таңда қоғамның жеке талғамы жоқ екеніне мысал десемде болады. Тик токта тренд болған кез-келген дүниеге бет бұрып, соны жасауға әуес болатын жастардың қарасы көбейді.
Менің талқылағым келген мәселе-Public relations, яғни қоғамдағы пияр. Ол дегеніміз қоғаммен байланыс мағынасына саяды. Дәл қазір атап өткенімдей, қоғамдағы халықтың талғамын қалыптастыратын осы Пияр мамандары болып табылады.
Жаңа кәсіпкерлік бұл сала- қоғам мен ұйымдар арасындағы байланыс үшін. Бұл саланы жарнама, маркетинг және оның 50-ден астам түрі қамтиды. PR саласының арнайы маманы бар. Және қазіргі қоғам дәл осындай мамандарға мұқтаж. Әлеуметтік желі мен онлайн бизнес дамыған заманда Public relations-тың маңызы зор. Себебі PR жеке тұлғаның немесе ұйымның оң имиджін құрастырады.
Кез-келген әлеуметтік желіні жүргізетін адам өзін PR-шымын деп санауы мүмкін. Түпкі тегі мен астары басқа бағытқа бұрған бұл саланы ондай дүниемен шатастырмау керек.
Ұлттың сана сезімінің өсуі, жаңа жаңғыруға аяқ басуы үлкен мәртебе. Мысалы еліміз шетелдегі K-pop-тың еліміздегі Q-pop түрін дамытуы, орта Азия елдерінің қай еліне барсаң қазақтың әндерін, киноларын кездестіруіміз. Яғни, PR мамандары осы дүниенің артынан ілесіп, “Бізде көрсете аламыз, біздің де қолымыздан келеді” деген түсінікпен мақтануы. Ал сол мақтанудың оң түрі еліміздің құндылықтары мен ұлттық бірегейліктеріне байланысуы өте жақсы үрдіс.Яғни, еліміздегі PR қазақы форматта дамуы керек.
Өкінішке орай, біздің қазақ тілді аудиторияда сапалы контент өте аз. Тез Қаралым мен көбірек аудитория жасауға ұмтылғандар, кейде контентінің сапасын түсіріп алады.
Соңғы уақытта PR-ды жағымсыз мағынада қабылдайтындар көбейген. Түпкі мағынасына үнілетін болсақ: Отарлау дәуірінен шыққан мына бізге қоғаммен байланысу маңызды. 21-ғасырда әлеуметтік желі дамыған кезде, тез тараған иақпараттың артынан үлгеру үшін әрине мамандар керек.
Қазақы, қазақша PR болсын, өссін, дамысын. Ары қарай бәріміз жылжи берейік!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі