Түркістан облысы Жетісай ауданы Асықата кенті
"№11 "Жеңіс" "мектеп-гимназия" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
педагог-кәсіби бағдар беруші маманы Атамбекова Мархамат Набиевна
Елімізде 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Президент тиісті Жарлыққа қол қойды. Бастама жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейді. Жұмысшы мамандықтарға басты назарды аудара отырып, келешек ұрпақтың мықты маман болып шығуына жол ашылады деген ойдамын. Жұмысшы мамандықтардың жылы не үшін маңызды деген сұрақ туындауы мүмкін. Менің ойымша еліміздің экономикасы қарқынды дамып, үлкен державалы елдердің қатарына кіру үшін, жұмысшы мамандықтарға басты назар аудару керек. Жұмысшы мамандықтардың істеп жатқан жұмыстары еліміздің экономикасына тікелей қатысты деп есептеймін.
Жалпы жұмысшы мамандықтар жылында көптеген жоспарлар қолға алынады деп күтемін. Атап айтқанда, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін трансформациялау, сонымен қатар сапалы жұмыс орындарын құру сияты көлемді жұмыстар атқарылады деп күтеміз.
Бұл ретте елімізде бірқатар шаруа атқарылды. Мәселен, техникалық және кәсіби білімге басымдық беріліп жатыр. Биыл сала мамандықтарына мемлекеттік тапсырыс 10 мың орынға артты. Оның ішінде 65 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінді. Сонымен қатар өңірлерде әлемдік деңгейде беделді оқу орындарының филиалдары ашылып жатыр. Жыл сайын шамамен 500 ғалым шетелде машықтануға мүмкіндік алады.
Жұмысшы мамандықтардың алатын орны ерекше болып табылады деп білемін. Еліміздің дамуына орасан зор үлес қосып жүрген осы жұмысшы мамандықтар деп есептеймін.
Қазақстанда жұмысшы санатына әртүрлі мамандықтар кіреді. Олардың қатарында:
Механиктер – автокөліктер мен машиналарды жөндейтін мамандар.
Электриктер – электр жүйелері мен құрылғыларын орнату және жөндеу.
Слесарлар – металл конструкцияларын өңдеу, жөндеу.
Дәнекерлеушілер – металл бөлшектерін дәнекерлеу.
Столярлар – ағаштан бұйымдар жасау.
Кондитерлер – тәтті өнімдер дайындау.
Медбикелер – медициналық көмек көрсету.
Тігіншілер – киім мен басқа текстиль бұйымдарын тігу және тағы басқа мамандықтар.
Бұл мамандықтар өндіріс, құрылыс, қызмет көрсету және ауыл шаруашылығы сияқты түрлі салаларда маңызды рөл атқарады және маңызды рөл атқарып қана қоймай елдің игілігі үшін де атқарып жатқан қызметтері зор.
Жұмысшы мамандықтары бағаланатын мемлекеттер, әдетте, экономикалық дамуы жоғары, әлеуметтік теңдікке көңіл бөлетін елдер. Жұмысшы мамандықтарының бағалануы – бұл елдің экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына әсер ететін маңызды аспект.
Қазақстанда жұмысшы мамандықтарын қолдау мақсатында әртүрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Мысалы, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы жұмыс орындарын ашу және жұмыссыздықты төмендету үшін арналған.
Қазақстанда жұмысшы мамандықтарын әлеуметтік қорғау жүйесі біртіндеп дамып келеді, бірақ әлі де жетілдіруді қажет ететін аспектілер бар. Жұмысшылардың құқықтарын қорғау, еңбек шарттарын жақсарту және әлеуметтік қолдауды күшейту – мемлекет пен қоғамның ортақ міндеті болғандықтан осыған орай қазіргі таңда мектеп бітіруші талапкерлерге жұмысшы мамандықтар жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Жұмысшы мамандықтардың жақсы әрі пайдалы жақтарын кеңінен түсіндіріп, талапкерге дұрыс бағыт-бағдар беру менің негізгі міндетім деп есептеймін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі