Өлең, жыр, ақындар

Тұлғалық мінез-құлық туралы білесіз бе?

   MBTI(Myers-Briggs Type Indicator)- бұл адамның тұлғалық түрін анықтауға арналған психологиялық тест. Тестті американдық Изабель Бриггс Майерс пен оның анасы Кэтрин Бриггс швейцарлық психолог Карл Юнгтың еңбегіне сүйеніп жасап шығарған. Mbti тесті өзіне-өзі есеп беру әдістемесі бойынша жүргізіледі, тестке қатысушы арнайы сауалнама толтырады және сұрақтарға нұсқа таңдау арқылы жауап береді. Бұрындары тестті тек қағаз арқылы тапсыруға болатын, кейіннен ғаламтор арқылы өтуге де мүмкіндік пайда болды. Майерс-Бриггс типологиясы ғылыми негіздеменің жеткіліксіздігі мен әртүрлі менталитеттерге бейімделуінің болмауына қарамастан өте танымал, алайда ғалымдар арасында әртүрлі сынға ұшыраған. АҚШ-та мектеп бітірушілердің шамамен 70 пайызы болашақ мамандығын таңдау үшін Mbti тестін тапсырады. Жалпы жыл сайын бұл тестті 2 миллионнан астам адам тапсырады. Сонымен қатар, тест 30 тілге аударылған, қазақ тілінде ресми түрде аударылмаса да ғаламтордан қазақша тестті таба аласыздар. Тест 16 тұлға типін анықтайды және төрт негізгі санатқа бөлінеді.

1.Энергия алу тәсілі: Экстраверт(E), Интроверт(I) 

2.Ақпаратты қабылдау әдісі: Сезімтал(S), Интуитив(N)

3.Шешім қабылдау тәсілі:Ойлау(T), Сезім(F)

4.Өмір сүру тәсілі:Тұжырым(J), Түсінікті(P)

  Ал 16 типке келетін болсақ:

ISTJ-Логик(Сақтаушы)-жауапкершілігі жоғары,сенімді,тәртіпке бағынатын адам.

ISFJ-Қамқоршы(Қорғаушы)-жылы жүзді,адал,жақындарына көмек беруге дайын жан.

INFJ-Кеңесші(Арманшыл)-терең ойлы, болашаққа ұмтылған,интуитивті тұлға.

INTJ-Стратег(Жоспарлау)-аналитик, мақсатқа көңіл бөлетін, логикалық түрде ойлайтын жандар.

ISTP-Шебер(Зерттеуші)-практикалық, мәселелерді жылдам шешетін, еркіндікті сүйетіндер.

ISFP-Артист(Әртіс)-эмоционалды, шығармашылықты бағалайтын, өнерге жақын тұлғалар.

INFP-Арманшыл(Идеалист)- Эмоционалды,адамдарға көмектесуге құмар, өз принциптеріне адал жан.

INTP-Зерттеуші(Ойшыл)-логикаға сүйенетін, идеяларға қызығушылық танытатын,теорияларды зерттейтін адам.

ESTP-Кәсіпкер(Әрекетшіл)-энергияға толы,белсенді, тәуекелге барудан қорықпайтындар.

ESFP-Көңілді(ойын-сауықшыл)-өмірді сүйетін, көңілді ортада болуды ұнататындар.

ENFP-Шабыттандырушы(Жаңашыл)- креативті, ашық, жаңа идеяларға толы адамдар.

ENTP-Идеяшыл(Дебатшы)-сұрақ қоюға және пікірталасқа құмар, қызығушылығы жоғары тұлғалар.

ESTJ-Ұйымдастырушы(Менеджер)- ұйымдастыру қабілеті жоғары, тәртіпке бағынатын адамдар. 

ESFJ-Қамқоршы(Досшыл)-басқаларға көмектесуді және қоғамға қызмет көрсетуді ұсынатын тұлғалар.

ENFJ-Лидер(Ұстаз)-шабыт беретін, харизмаға толы, басқаларды бағыттауға қабілетті жандар.

ENTJ-Командир(Көшбасшы)-табанды,ұйымдастырушы,мақсатқа ден қойатындар.

  Mbti-бұл тұлға типін анықтайтын қызықты және пайдалы құрал,бірақ оны толықтай ғылыми тест деп қарастыруға болмайды. Оның негізгі мақсаты-өзін-өзі тануға көмектесу, қарым-қатынасты жақсарту және мансаптық бағыт-бағдар беру. Егер сіз өзіңізді жақсы танып, мықты және әлсіз тұстарыңызды анықтағыңыз келсе MBTI тестін тапсыруға кеңес беремін.

 


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз