Өлең, жыр, ақындар

Зорлық-зомбылық: қоғам дерті

     Зорлық-зомбылық – қоғамның ең өзекті әрі шешімін талап ететін мәселелердің бірі. Қазақстанда бұл проблема күрделі жағдайда тұр, әсіресе, жыныстық зорлық-зомбылық құрбандарының көптігі қоғамды алаңдатуда. Бұл тек жеке адамға ғана емес, бүкіл қоғамға да теріс әсер етеді. Зорлық-зомбылықтан зардап шегіп жүргендер аз емес. Педофилдер әлі күнге дейін бостандықта жүр, ал зорлық-зомбылық құрбандарының саны күн сайын артып келеді. Бұл мәселе тек әйелдерге қатысты емес, жетілмеген сәбилер де осындай қылмыстардың құрбаны болуда.

     Мұндай оқиғалар адамдардың психикалық денсаулығына кері әсерін тигізуде. Қазақстанда зорлық-зомбылыққа қатысты оқиғалар жиі кездескенімен, бұл мәселе әлі күнге дейін толық шешімін тапқан жоқ. Кейде қоғам бұл жағдайларға үйреншікті нәрсе сияқты қарайтын секілді. Мұндай қылмыстар әйелдер мен қыздардың өміріне ғана емес, бүкіл қоғамның қауіпсіздігіне де қатер төндіреді. Өкінішке қарай, Қазақстанда педофилдердің әрекеттері салдарынан көптеген қыздар жапа шегуде. Кейбірі ауыр психологиялық жарақат алып, өз-өзіне қол жұмсауға дейін барады. Алайда, жауапты органдар бұл мәселеге жеткілікті назар аудармай отыр. Тұрмыстық зорлық-зомбылық та үлкен мәселе. Кейбір қыздардың айтуынша, олар өз әкесі, ағасы немесе жақын туыстарынан зорлық көрген. Иә, отбасылық істерге сырттан араласу қиын, бірақ мұндай қылмыстарды елеусіз қалдыруға болмайды.

     Зорлық-зомбылықты қалай азайтуға болады?

     Бұл мәселені шешу оңай емес. Дегенмен, құқық қорғау заңдарын күшейту, отбасында дұрыс тәрбие беру, алкоголь мен есірткінің таралуына қатаң тыйым салу, сондай-ақ қоғамдық бақылауды күшейту қажет. Зорлық-зомбылықтың бір себебі – алкоголь мен есірткінің әсерінен адамның өз әрекетін бақылай алмауы. Мас күйде жасалған қылмыстардың саны аз емес. Сонымен қатар, саналы түрде нәпсісін тыя алмайтын адамдар да бар. Бұл қылмыстарды түбегейлі жою үшін мемлекет, құқық қорғау органдары және әрбір азамат бірлесіп әрекет етуі қажет. Тек осылай ғана біз қауіпсіз, әділетті және зорлық-зомбылықсыз қоғам қалыптастыра аламыз.

    Зорлық-зомбылық – тек жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның да мәселесі. Бұл қылмыс көптеген жылдар бойы жалғасып келеді. Біз әрі қарай даму үшін бұл мәселені дереу қолға алып, педофилияны тоқтатуымыз қажет. Сонда ғана біз қорқынышсыз өмір сүре аламыз.

«Journiverse» білім беру орталығының оқушысы: Жетисова Ботагоз Нуржановна


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз