Алмалы ауылы. Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Алмалы ауылында 159 отбасы, яғни 1187 адам тұрады. Қазір бұл ауылдың дүкендерінен ішімдік таппайсыз. Себебі ауыл ақсақалдары белсенді жұмыс жүргізген. «Ішкіліктен не пайда? Еліміз ішімдік атаулыдан ада болса, таза болсақ, ұрлық, төбелес, ажырасу болмайды, көлік апаттары азаяры анық» дейді ауыл ақсақалы Елеусін Жастаев. Шын сөз! Арақтан бас тартқанының арқасында ауылдың берекесі артып отыр.
Жуансай ауылы. Осы облыстың Ордабасы ауданына қарасты Жусансай ауылында да арақ түгілі темекі сатылмайды екен. Жусансай ауылында 1100 тұрғыны бар 120 шаңырақ түтін түтетіп отыр. Ауылда 3 дүкен бар. Ешқайсысында ішімдік сатылмайды. Жусансайды да арақтан тазартқан ауыл ақсақалдары екен. Жастары қарияларының сөзін екі етпейді. Жуансайдың берекесін кіргізіп отырған – ауыл азаматтары. Олардың туған жеріне деген сүйіспеншілігі сонша, қажетті жағдайдың бәрін жасап отыр. Ауылдың көпірін жаңаланған. Жаңа жол төселген. Көшелерге жарықшамдар орнатылған. Мешіт салынған. Мұның бәрін өзге емес, ауылдың өз азаматтары бірігіп атқарған екен. «Бірлік бар жерде тірлік бар» деген осы.
Қақпақ ауылы. Араққа «аулақ» деген тағы бір елдімекен – осы Райымбек ауданының Қақпақ ауылы. Бұл ауылдан спорт шеберлері Ардақ пен Бейбіт Назаров шыққан. Ауыл жастары осы азаматтарды үлгі тұтып, айтқан сөздеріне құлақ салып келеді. «Болашақта мұсылман балалары ішімдік дегенді білмейтін заман келеріне сенемін. Сондықтан барша жастарды ішімдіктен бас тарту шарасын қолдауға шақырамын» деді спортшы Ардақ Назаров. Қазіргі уақытта Ардақ пен Бейбіттің жерлестері ішімдік атаулыға жоламайды.
Сонымен қатар, Теңдік ауылы СҚ; Красная поляна ауылы СҚО; Еңбек ауылы Ақмола облысы; Сарыбастау ауылы, Алматы облысы, Райымбек ауданы; Жыланды ауылы Алматы облысы; Өзгент ауылы Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы; Шарбұлақ ауылы, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы және тағы басқа да ауылдар ішімдік атаулыдан түбегейлі бас тартқан. Байқасаңыз арақтан бас тартуға негізгі себеп болғандар ауыл ақсақалдары екен.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Нарша Булгакбаев
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі