Алғашқы медициналық көмек: негізгі ережелер мен әдістер
Алғашқы медициналық көмек бұл жарақат алған немесе кенеттен ауырған адамға кәсіби медицина қызметкерлері келгенге дейін көрсетілетін жедел шаралар кешені. Дұрыс көрсетілген алғашқы көмек адамның өмірін сақтап, асқынулардың алдын алады.Әр адам бірінші медициналық көмек туралы білу маңызды.Себебі өмірде неше түрлі жағдайлар болады.
Алғашқы медициналық көмектің негізгі жолдары
1. Қауіпсіздік – алдымен өзіңіздің, зардап шегушінің және айналадағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
2. Жағдайды бағалау – зардап шегушінің тыныс алуын, жүрек соғысын, есін тексеру.
3. Жедел жәрдем шақыру – егер жағдай ауыр болса, тез арада 103 немесе 112 нөміріне хабарласу.
4. Көмек көрсету – алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін дұрыс қолдану.
Алғашқы көмек көрсету әдістері
1. Жарақаттар мен қан кету
Жараға таза таңғыш немесе мата басу арқылы қан кетуді тоқтату.
Қатты қан кету кезінде жараның жоғары жағынан артерияны басу немесе жгут салу (тек шұғыл жағдайда, 1 сағаттан аспау керек).
Инфекцияның алдын алу үшін жараны таза сумен немесе антисептикпен өңдеу.
2. Сынықтар, буын шығу және созылу
Зақымданған жерді қозғалтпай ұстау.
Иммобилизация жасау (шина немесе тақтайша қою).
Мұз басу (ісінуді азайту үшін).
3. Естен тану және жүрек тоқтауы
Егер адам ес-түссіз болса, оны арқасымен жатқызып, тыныс алуын және жүрек соғысын тексеру.
Жүрек соғысы болмаса, кеудені басу..
Тыныс бар, бірақ есін білмесе, зардап шегушіні бүйіріне жатқызу.
4. Тыныс алу жолдарының бітелуі (тұншығу)
Арқасына 5 рет қағу (егер адам жөтеле алмаса).
Геймлих әдісін қолдану – ішінен қысып, бөгде затты шығару.
5. Күйік
Ыстық күйік кезінде – зақымдалған жерді 10-15 минут суық сумен жуу.
Химиялық күйік кезінде – химиялық затты алып тастап, көп сумен жуу.
Көпіршіктерді жаруға болмайды.
6. Электр тогымен зақымдану
Электр көзінен ажырату (егер қауіпсіз болса).
Жүрек-өкпе реанимациясын қажет болса жасау.
7. Улану
Газдан улану – таза ауаға шығару.
Тамақ немесе дәріден улану – құстыруға болмайды, көп су ішкізу.
Химиялық заттардан улану – дәрігер шақыру.
Жедел жәрдемді қашан шақыру керек?
Ауыр қан кету
Есін жоғалту
Кеуде қуысының қатты ауруы
Тыныс алудың қиындауы
Ауыр жарақаттар мен күйіктер
Электр тогымен зақымдану
Алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын атап өттік.Осылайша бір адамның өмірін сақтап қалуға болады.
- Нарша Булгакбаев
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі