Өлең, жыр, ақындар

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимылдардың заманауи әдістері

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық мәселесі ең
өзекті түйткілдердің бірі ретінде қарастырылуда. Сыбайлас жемқорлық – бұл
әлеуметтік кесел,қоғамның теріс құбылысы, оның деңгейін төмендету,
экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және елдің халықаралық
беделін арттыру үшін жүйелі көзқарасты,әртүрлі заңнамалық және алдын алу
шараларды қажет ететін үлкен мәселе. Елдегі сыбайлас жемқорлық
экономикалық дамуды тежеп,әлеуметтік әділетсіздікке әкеледі. Сондай-ақ
инвестициялық ахуалға кері әсерін тигізеді және мемлекеттің беделін
төмендетеді.
Әлемдегі барлық мемлекеттер сыбайлас жемқорлық мәселесімен бетпе-бет
келеді, себебі қазіргі заманда сыбайлас жемқорлық бірде-бір елде толық
жойылмаған.Үкімет басында өз қара басының мүддесін ойлайтындар
отырғанда,бұл кеселдің жойылуы екі талай. Әрбір мемлекет сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес шараларын қабылдағанымен, оны түбегейлі жою
мүмкін болмай тұр. Қазіргі таңда бұл құбылыс тек қана ішкі проблема емес,
жаһандық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырылып отыр. Осыған
байланысты көптеген елдер, оның ішінде Қазақстан да, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес моделдерін қайта қарап, жаңа заңдар қабылдап,
жазаны күшейту шараларын қолға алып жатыр.Алайда,бұл мәселенің толық
шешілмеуіне бірнеше факторлар әсер етуде:1)Менталитет пен қоғамдағы
тамырласу: Кейбір ортада сыбайлас жемқорлық ұзақ уақыт бойы қалыптасып
қалған, сол себепті адамдар оны “қалыпты” жағдай деп қабылдауы
мүмкін.Әсіресе, билік пен байлықты жеке мүддеге пайдаланудың тарихи
негіздері бар өңірлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті
қалыптастыру оңайға түспейді.
2)Тиімді бақылаудың жетіспеушілігі: Қабылданған заңдар тиісті бақылау
және қадағалау шараларымен күшейтілмеген жағдайда, олардың тиімділігі
төмендейді. Кейбір жағдайларда сыбайлас жемқорлықпен күресуді
қадағалайтын органдардың өзі сыбайлас жемқорлыққа тартылуы мүмкін, бұл
заңдардың орындалуын қиындатады.
3)Құқық қорғау жүйесіндегі проблемалар: Құқық қорғау органдарының, сот
жүйесінің және мемлекеттік қызметкерлердің арасында жемқорлық орын
алған кезде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдарды дұрыс қолдану қиынға
соғады. Кейбір лауазымды тұлғалар қылмыстық жауапкершіліктен құтылу
үшін өздерінің билігін пайдаланып, заңның орындалуына тосқауыл
қояды.Мысалға,соңғы жағдайлардағы С.Нукенова мен Ш.Болаттың өлімін
ала аламыз.Бұл екі өлімге де себепші адамдар белгілі бір лауазымды тұлғалар
еді.Олар өздерінің құзыреттілігін теріс жаққа пайдаланып,кінәләрін толықтай
мойындарына алмады.Билік басындағылардың өзі осындай тірлікке барып
отырса,қарапайым халыққа не деп кінә таға аламыз?
4)Төменгі жалақы мен әлеуметтік қамтамасыз етудің әлсіздігі: Мемлекеттік
қызметкерлердің және басқа да жауапты тұлғалардың еңбекақысы төмен
болған кезде, олар қосымша табыс табу үшін заңсыз әрекеттерге баруға бейім
болуы мүмкін. Бұл жағдай олардың сыбайлас жемқорлыққа тартылу қаупін
арттырады.
5)Жазаның жеткіліксіздігі немесе оның бұлтартпастығының болмауы: Кейде
сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар адамдар тиісті жазаға тартылмайды
немесе оларды жауапкершілікке тарту қиын болады. Бұл жазаның
бұлтартпастығы принципінің бұзылуына әкеледі және басқа лауазымды
тұлғаларды сыбайлас жемқорлыққа итермелеуі мүмкін.Мысалы, Қуандық
Бишімбаевтың ісінде ол сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша 10 жылға
сотталды, алайда бірнеше жылдан кейін жақсы мінез-құлқына және
рақымшылыққа байланысты мерзімінен бұрын босатылды. Бұл жағдай
жазаның толықтай орындалмайтындығының айқын мысалы болып
табылады.Осы себептерден сыбайлас жемқорлықты тек заңдар қабылдау
арқылы емес, сонымен қатар қоғамның, мемлекеттік ӘДІЛ органдардың
және азаматтық қоғамның бірлескен жұмысымен ғана шешуге болады.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жолында мемлекет
басшысы халыққа арнайтын жыл сайынғы Жолдауларында үнемі шешу
жолдарын ұсынады . Мәселен,2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан
Республикасының Президенті өз Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимылға жаңа серпін беру қажеттігін баса айтты. Сыбайлас жемқорлықпен
күресте әрекетсіздік қоғамның наразылық.Ал, 2022 жылғы жолдауында
Қазақстанда 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы
саясатының тұжырымдамасы қабылданды. Бұған дейін, 2015-2025 жылдарға
арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның шеңберінде
мемлекеттік қызмет жүйесіне елеулі өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда,
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң аясында
мемлекеттік қызметтің жаңа «мансаптық» моделі қабылданды. Меритократия
қағидаттары негізінде ашық конкурстық іріктеу және мемлекеттік
қызметшілердің кәсіби құзыреттеріне сәйкес ілгерілету жүйесі енгізілді. Бұл
мемлекеттік қызметтегі лауазымдарға тағайындауда туыстық немесе жеке
таныстарға сүйенуді барынша азайтуға мүмкіндік берді.Сонымен қатар,
мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілді.
Еңбекақы төлеу жұмыс нәтижелеріне байланысты болғандықтан, мемлекеттік
қызметкерлердің өз міндеттерін тиімді атқаруға деген ынтасы артты. Бұл
жүйе сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға нөлдік
төзімділікті қалыптастыруға елеулі әсер етті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамның белсенділігі маңызды рөл
атқарады. Үкіметтік емес ұйымдардың бақылауы күшейтіліп, Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанынан арнайы мониторингтік
топтар құрылды. Бұл топтар сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның
орындалуын қадағалайды және қоғамның пікірін ескере отырып, мемлекеттік
органдарға ұсыныстар енгізеді.Цифрландыру процесі де сыбайлас
жемқорлықты азайтудың маңызды құралдарының бірі болып
табылады.«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы мемлекеттік қызметтерді
автоматтандыру арқылы азаматтардың мемлекеттік органдармен тікелей
байланысын азайтып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда үлкен рөл
атқаруда. Қазіргі таңда халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе
электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі
қарастырылған.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тағы бір маңызды
бағыты – жазаның қатаңдатылуы. Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын
жасаған адамдар үшін мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда
жұмыс істеуге өмір бойы тыйым салынды. Сонымен қатар, ауыр және аса
ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталғандар үшін шартты
түрде мерзімінен бұрын босату мүмкіндігі алынып тасталды.Жаңа
ережелерге сәйкес, мемлекеттік органдардың басшылары өз
қарамағындағылардың сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жеке
жауапкершілікке тартылады. Бұл басшылардың профилактикалық жұмысты
күшейтіп, қарамағындағы қызметкерлердің заңсыз әрекеттерін болдырмауға
ынталандырады.
Сыбайлас жемқорлық – бұл ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін маңызды
факторлардың бірі. Қазақстанда бұл мәселе мемлекеттік деңгейде шешілуде,
алайда сыбайлас жемқорлықпен күресу тек мемлекеттің емес, әрбір
азаматтың міндеті. Әрбір азамат өз міндеттерін адал атқарса, қоғамдағы
сыбайлас жемқорлық деңгейі айтарлықтай төмендейді. Осылайша, қоғамның
барлық мүшелерінің бірлескен күш-жігерімен ғана Қазақстан сыбайлас
жемқорлықтан ада елдердің қатарына ене алады.Қорытындылай келе,
қоғамның әрбір мүшесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға үлес қосуы
қажет, себебі бұл еліміздің болашағы мен азаматтардың әл-ауқатының негізі
болып табылады


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз