Өлең, жыр, ақындар

Мұхтар Әуезовтың шығармашылығы


Мұхтар Әуезов көпұлтты кеңестік әдебиеттің дамуына баға жетпес үлес
қосты. Оның шығармашылығы – социалистік реализм әдісінің шексіз
мүмкіндіктерінің дәлелі. Алғашқы қазақ романы-эпопеясының авторы,
драматург, орыс және еуропалық классикаларды аударушы, ғалым – ұлы
жазушының әдеби мұрасы шынымен де таусылмас.
Мұхтар Әуезовтің 1920 жылдардағы әңгімелері мен повестерінің негізгі
тақырыбы – қарапайым халықтың қайғы-қасіреті, езгісі ғана емес, сонымен
қатар халықтың рухани оянуы, бостандыққа ұмтылысы. Жазушы руаралық
қақтығыстарды айыптайды, олардың орнына халықтың бірлігі мен
ынтымағын қояды.Оның кітаптарында қазақ халқының XIX ғасырдың
ортасынан XX ғасырдың ортасына дейінгі өмірінің панорамасы бейнеленген.
Оның кейіпкерлері аңызға айналған батырлар, тарихи тұлғалар және 60-
жылдардың замандастары болды.Жазушы шығармашылығына ерекше
эмоционалды қарқын, поэтикалық және лирикалық сипат, бейнелеудің
ерекше икемділігі, бояулардың, мінездердің, сезімдердің контрасты тән.
Оның шығармашылық әдісі реализм мен эпикалық халықтық дәстүрлерді
үйлесімді біріктіреді, оның кітаптары қазақ поэзиялық фольклорымен тығыз
байланысты, сонымен бірге олар әлемдік әдебиеттің қазіргі заманғы
формаларының жарқын көрінісі
Жазушының басты еңбегі – қазақ әдебиетінде бұрын болмаған проза,
драматургия, сын жанрларының қалыптасуына және жанрлық формалардың,
дәстүрлердің, өзіндік қазақ стилі мектебінің дамуына өзінің
шығармашылығымен ықпал еткенінде.Әуезовтың қазақ және әлем әдебиетіне
қосқан үлесі ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, мәдени мұра ретінде сақталып
келеді.Атақты тұлғалардың бәрі Мұхтар Әуезовты өз заманындағы көрнекті
жазушы ретінде мойындап, оның шығармашылығына ерекше баға берген.
Оған дәлел, Николай Тихонов (совет жазушысы):"Әуезов әлем әдебиетінде,
әсіресе, социалистік реализмде ерекше орын алады. Оның шығармалары
халықтың өмірі мен рухын терең түсініп, шынайы бейнелейді"-деген екен.
Әуезов шығармашылығының шыңы – “Абай жолы” (1-кітап «Абай» (1942-
1947); 2-кітап (1952-1956)) атты әлеуметтік-тарихи роман-эпопеясы болып
табылады.Бұл роман қазақ халқының жартығасырлық өмірінің
энциклопедиясы дерлік кесек,көркем туынды.Романда гуманист, ойшыл ақын
Абай мен оның айналасындағы адамдар арқылы қазақ халқының белгілі бір
дәуірі көз алдымыздан өтеді. Халқымыздың салт-дәстүрі, тұрмыстық-
әлеуметтік жағдайы, қоғамдық өмірі жан-жақты суреттеледі. Абайдың идеал
тұлға, жоғары интеллектуалды көркем образы романда барлық қырынан
ашылған. Абай бейнесі арқылы әлем қазақты таниды. Қазақтың тарихы мен
мәдениетін, әдебиетін түсінеді.Абай жолы - қазақ халқының жолы. Абай
жолы - әділдік пен ақиқат- тың жолы.Көрнекті мемлекет және қоғам
қайраткері Дінмұхамед Қонаев атамыз да бұл кітапты жанап өте
алмады:“Бүгін біз осы аса ұлы эпопеяны жасаушы Мұхтар Омарханұлы
Әуезовті зор ризалық және алғыс сезімімен тағы да еске алуға тиіспіз,
өйткені оның таланты арқасында ұлы Абай дүниеге қайта келгендей
болды”-деп пікірін білдірген екен.
Әуезовтің "Абай жолы" роман-эпопеясы тек қазақ әдебиетінің ғана емес
,әлемдік әдебиеттің көркем туындысы.Мәселен, белгілі неміс жазушысы
және аудармашы Альфред Курелланың «Сіз әлі «Абайды» оқымадыңыз ба?
Демек, сіз ештеңе оқымадыңыз. Бұл керемет, бұл таңқаларлық! Дала барлық
бастапқы табиғатының сұлулығымен, оның қимылдарымен және тұтас
мінез-құлықтарымен сізге бет бұрды»-деген пікірі француз, канадалық,
швейцариялық және басқа да көптеген сыншылар мен жазушылардың
алғашқы қазақ эпопеясы туралы танысудан кейінгі әсерлерін білдірген
болатын.“Абай жолы” роман-эпопеясының маңызы сонда, ол шынайы халық
шығармасына айналды, онда қазақ ұлттық мінезінің қалыптасу процесі үлкен
ықыласпен қадағаланды, халықтың ішіндегі рухани күштер суреттелген, олар
оның жарқын болашағының кепілі болды.
Өткенге арналған циклде жазушының прозалық шедеврлері – даланың қатал
реализмге толы көріністері – «Көксерек» (1929), «Жетім» (1921), «Кім
кінәлі?» (1923), «Қорғансыздың күні» (1925) және «Қараш-Қараш оқиғасы»
сияқты повестер мен әңгімелер бар.
Мұхтар Әуезовтің “Көксерек” әңгімесі – адамдардың қолына түскен
қасқырдың күшігі туралы тарих. Автор жыртқыштың мінез-құлқын, оның
жақын ауылдардағы жылқыларға шабуылдарын ерекше қызықты суреттеген.
Оқиғалар әсем табиғат аясында өрбиді, автордың қаламынан табиғат та
тіріледі. Бұл шығарма жазушының ең үздік туындыларының бірі болып
табылады.
Қарапайым адамдарға арналған шығармалары – «Қилы заман» повесі, «Өз
тегі» әңгімесі (1934) және басқа да көптеген туындылар.
Пушкиннің өлеңінен алынған «Жас ұрпақ» (1959-1961) романы орыс және
қазақ халықтарының тығыз байланыстағы тағдырлары туралы әңгімелейді.
Мұнда ересек және жас буын өкілдері әрекет етеді, қазақ эпосының,
романдардың, поэмалардың тұрақты кейіпкерлері – боранды өткелден
өтіпкеле жатқан шопандар, драмалық тағдыры бар әйелдер және олардың
артындағы Уақыт бейнеленген. Бұл романда 60-жылдардағы адамның,
интеллектуалды тұлғаның жаңа көзқарасы көрсетілген. Замандасының
рухани әлеміне терең үңілу күрделі әлеуметтік және моральдық-этикалық
мәселелермен байланысты.
Мұхтар Әуезовтің публицистикасы – азаматтық, проблемалық және
адамгершілікпен толы. Мәскеу, Дели, Прага, Берлин, Токио, Нью-Йорк,
Ташкент және Душанбе қалаларында өткен халықаралық форумдарда,
жазушылармен кездесулерде оның сөйлеген сөздері үлкен қоғамдық резонанс
тудырған. Осы кездесулерден кейін жазушы өнер адамы ретінде «Үндістан
очерктері» (1958) кітабын және «Американдық әсерлер» (1964) атты очерктер
сериясын жазған.
Ұлы ғалым, педагог Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуге,
әдеби кадрларды дайындауға баға жетпес үлес қосты. Әуезовтің әдеби-
зерттеу еңбектері қазақ және орыс тілдерінде «Көп жылдық ойлар» (1959),
«Уақыт және әдебиет» (1962) және басқа да кітаптарында жинақталған.
Осылайша,Мұхтар Әуезов қазақ әдебиетінің тарихында шоқтығы биік, дара
тұлға болып қала береді. Ол ұлттық рухани мұраны сақтап, оны заманауи
әдебиетке интеграциялаған, қазақ сөз өнерінің кеңістігін әлемдік деңгейге
шығарған ұлы жазушы. Оның “Абай жолы” эпопеясы тек қазақ халқының
емес, бүкіл түркі әлемінің өмірі мен мәдениетін көркемдік биікке жеткізіп,
рухани қазынамызды жаһанға танытты.Әуезовтің еңбектері ұлтты біріктіріп,
ұлттық сананы оятты, қазақтың әдебиетін әлемдік әдебиет арнасына қосты.
Ол өз шығармалары арқылы қазақтың болмысын, салт-дәстүрін және өмір
сүру философиясын терең жеткізе білді.Ол қазақ әдебиетіне жаңа бағыт
әкеліп, драматургия, ғылыми-зерттеу салаларында да терең із қалдырды.
Әуезовтің еңбектері бүгінгі күнде де өзекті және жас ұрпақты тәрбиелеуде,
ұлттық құндылықтарды дәріптеуде маңызды рөл атқарады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз