Өлең, жыр, ақындар

Бос сөзден нокаут артық

Геннадий Головкиннің қарсыластары оның ойсырата ұратын соққысына төтеп бере алатынын және GGG-дің мерзімінен бұрын жеңіске жету үрдісі кездейсоқ жағдай екендігін жиі айтады. Назарларыңызға Головкиннің қарсыластарының айқасқа дейін оның жұдырықтасу стилі жайлы білдірген пікірлері ұсынылып отыр. Риңге шығар алдында не деп пікір білдірген еді, және кездесу нәтижесінде немен аяқталды?

GGG - Генадий Головкин


Дэниэл Гил (26 шілде 2014 жыл):
— Головкиннің беделі маған үрей тудырмайды. Осыған дейін оған әдейі сондай (әлсіз) қарсыластарды таңдап әкелген, соңғы кездесулерінің ерте аяқталып жүруінің себебі де осыда. Солай болуы керек болған. Бірақ, менімен бокстасу -  бұл басқа деңгей екенін түсініңіздер, мен мұны дәлелдеймін. Жоғары деңгейлі боксшыға қарсы қандай өнер көрсете алатынын көрейік. 
Айқас техникалық нокаутпен 3-раундта GGG-дің жеңісімен аяқталды. 

Осуману Адама (1 ақпан 2014 жыл):
— Головкин қауіпті және мықты боксшы. Біз бәріміз мұны білеміз. Ол әрдайым прессингтеп, ұдайы соққылар жасап отырады. Бірақ мен де мықты боксшымын және ешкімнен қорықпаймын. Мен оған ерекше бірдеңе көрсетпекпін. Мен өзіме сенімдімін. Головкинмен жұдырықтасу үшін боксшы болуың керек. Қимылдай отырып, соққы жасап отыруың керек. Риңде мен дәл осыны жасамақпын. Айқасқа жасаған жоспарым осы. 
Головкинмен айқаста Адама 1, 6 және 7 раундтарда нокдаунда болды. Кейін айқас мерзімінен бұрын аяқталды. 

Кертис Стивенс (2 қараша 2013 жыл):
— Мен айқасқа демалу үшін барамын, мен онда көңіл көтеру үшін барамын. Мен онда істеп жүргенімді істеу үшін барамын. Бірақ ол басқа қарсыластарға көрсетіп жүрген өнерін маған көрсете ала ма? Мен жұдырықтасып, оны басып тастауға дайынмын. Мен жеңуге дайын болып барамын. 
Кездесу техникалық нокаутпен аяқталды. Сегізінші раундтан кейін рефери айқасты тоқтатуға шешім шығарды. 

Габриэль Росадо (19 қаңтар 2013 жыл):
— Мен оны нокаутқа жіберемін. 8-9 раундқа жетпей-ақ! Менің бұған мүмкіндігім аз деп ойлайды. Бірақ егер бізді мұқият салыстырар болсаңыздар, мен өзгеше боксшы екенімді байқайсыздар. Менің тәжірибем жоғары. Оның мықтылығы жайлы көбі айтады. Бірақ менің күшіме лайықты баға бермей жүрген сыңайлы. Мен де ойсырата соққы жасай аламын. Нокаутқа жібере аламын. 
12 раундтық айқаста Головкин 7-раундта техникалық нокаутпен жеңді. 

Гжегож Прокса (1 қыркүйек 2012 жыл):
— Головкинді нокаутқа жібере алатыныма күмәнім жоқ. Мен бүкіл әлемге өнерімді көрсете алатындай мүмкіндік алдым және мұны жіберіп алмас үшін барымды саламын. Қиын айқас күтіп тұр, бірақ мен жеңетініме сенімдімін. 
5-раундта техникалық нокаутпен Головкиннің жеңісі. 
Головкинмен жұдырықтасуға шығып, жеңіліс тапқаннан кейін оның мықтылығын мойындап, жеңілгендерін абыроймен көтерген спортшылардың ерлігін атап өтпеске болмайды. 

Марко Антонио Рубио (19 қазан 2014 жыл):
— Мен өз қарсыласымды өте құрметтеймін. Ол мықты, қайталанбас боксшы екенін білемін, бірақ мен де қалыспаймын. Мен жанкүйерлеріме жеңіс сыйлағым келеді, және оларға қызықты айқас көрсете алатындай тәжірибем бар екенін білемін. Мен жеңіліс жайлы ойламаймын. Мен құрбан болмай, жанкүйерлерім мен бокс әлемінің сыйластығына кенелу үшін барымды саламын. 
Головкин Рубионы екінші раундта нокаутқа жіберді. 

Давид Лемье (17 қазан 2015 жыл):
— Айтқанымдай, мен мықтылардың кез келгенімен жұдырықтасуға дайынмын, ал Головкиін орта салмақтағылардың ішіндегі ең мықтысы. Головкин, бәлкім, бокстағы үрей  тудыратын адамдардың бірі шығар, бірақ 17 қазан күні орта салмақта жаңа үрей тудыратын боксшы пайда болады. Қан төгіледі, отшашу болады, бірақ бұл айқаста мен жеңімпаз болып шығамын. 
Геннадий Головкин 8-раундта мерзімінен бұрын жеңіске жетті. 

 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

efrumim

GGG! Алға! Жарайсың!

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз